HP Laptop Help Guide - Windows 7
Access (WPA) протоколы. WPA протоколы əр пакет үшін жаңа кілтті динамикалық түрде
жасауға TKIP протоколын (Уақытша кілт бүтіндігі протоколы) пайдаланады. Сондай-ақ, ол
желідегі əр компьютер үшін əртүрлі кілт жиындарын жасайды.
Басқа желіге ауысу
Компьютерді басқа WLAN жүйесінде жылжытқанда, Windows жүйесі сол желіге қосылуға
тырысады. Егер бұл əрекет сəтті орындалса, компьютер автоматты түрде жаңа желіге
қосылады. Егер Windows жүйесі жаңа желіні анықтамаса, бастапқыда WLAN жүйесіне қосылу
үшін пайдаланған іс ретін орындаңыз.
HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP ұялы кең жолақты құралы WLAN жүйелері арқылы Интернетке кіру мүмкіндіктеріне
қарағанда Интернетке көбірек жерден жəне үлкендеу аймақтардан кіре алу үшін компьютерге
сымсыз кең аймақ желілерін (WWANs) пайдалануға мүмкіндік береді. HP ұялы кең жолақты
құралын пайдалану көбінесе мобильді телефон желісінің операторы болып табылатын желілік
қызмет көрсету провайдерін талап етеді.
Мобильді желі провайдері қызметін пайдаланған кезде, HP ұялы
кең жолақты құралы жолда
немесе Wi-Fi байланыс орындары аясынан тыс жерде болғанда Интернетке қосулы қала
беруге, электрондық пошта жіберуге немесе корпоративтік желіге қосылуға еркіндік береді.
ЕСКЕРІМ: ұялы кең жолақты қызметті іске қосу үшін, HP ұялы кең жолақты модулінің
сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірдің қайда орналасу орнын Жұмысқа
кіріскенде нұсқаулығынан қараңыз.
Кейбір мобильді желі провайдерлері SIM картасын (Абонентті анықтау модулі) пайдалануды
талап етеді. SIM картасында PIN коды сияқты өзіңіз туралы негізгі ақпарат жəне желі ақпараты
болады. Кейбір компьютерлерде алдын ала орнатылған SIM картасы болады. Егер SIM
картасы алдын ала орнатылған болмаса, ол компьютермен бірге берілетін HP ұялы кең
жолақты модулі ақпаратының ішінде берілуі немесе оны компьютерден бөлек мобильді желі
провайдері
беруі мүмкін.
SIM картасын салу жəне алып тастау туралы ақпарат алу үшін,
SIM картасын салу 9-бетте
жəне
SIM картасын шығарып алу 10-бетте бөлімдерін қараңыз.
HP ұялы кең жолақты модулі жəне таңдалған мобильді желілік қызмет көрсету провайдерімен
қызметті іске қосу тəсілі туралы ақпарат алу үшін, компьютермен бірге берілетін HP ұялы кең
жолақты модулі ақпаратын қараңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, HP веб торабын қараңыз:
http://www.hp.com/go/mobilebroadband (тек АҚШ үшін).
SIM картасын салу
ЕСКЕРІМ: SIM карта ұясының орналасқан жерін табу үшін, Жұмысқа кріскенде нұсқаулығын
қараңыз.
1. Компьютерді сөндіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйықтау режимінде екендігіне
сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық
жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)9