HP Laptop Help Guide - Windows 7
WLAN желісін пайдалану
Сымсыз байланыс компьютерді Wi-Fi немесе WLAN желілеріне қосады. WLAN сымсыз жол
жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден
жəне керек-жарақтарынан тұрады.
Бар WLAN желісіне қосылу
Windows 7
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. (
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе
өшіру 5-бетте бөлімін қараңыз.)
2. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін
басыңыз.
3. Тізімнің ішінен өз WLAN желіңізді таңдаңыз.
4. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қорғалған WLAN болса, желілік қауіпсіздік кодын енгізу сұралады. Кодты теріп,
қосылуды аяқтау үшін OK түймешігін басыңыңыз.
ЕСКЕРІМ: егер тізімде ешқандай WLAN желісі көрсетілмесе, сымсыз жол
жоспарлағыштар мен кіру нүктелерінен алшақ жерде тұрсыз.
ЕСКЕРІМ: егер қосылғыңыз келетін желі көрінбей тұрса, Открыть центр управления
сетями и общим доступом (Желі жəне ортақ пайдаланысты басқару орталығын ашу)
тармағын, одан кейін Установить новую связь и сеть (Жаңа байланысты немесе желіні
орнату) тармағын таңдаңыз. Мүмкіндіктер тізімі көрсетіледі. Қолмен іздеуді таңдап, желіге
қосылуға немесе жаңа желі байланысын жасауға болады.
Windows XP
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. (
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе
өшіру 5-бетте бөлімін қараңыз.)
2. Пуск (Бастау) > Подключиться к (Қосылу) тармақтарын таңдаңыз.
3. Тізімнің ішінен өз WLAN желіңізді таңдаңыз.
●
Егер желі қауіпсіздендірілмеген болса, ескерту жасалады. Ескертуді қабылдап,
қосылуды аяқтау үшін, Подключить (Қосу) түймешігін басыңыз.
●
Егер желі қауіпсіздендірілген WLAN болса, желілік қауіпсіздік кодын енгізу сұралады.
Кодты теріп, қосылуды аяқтау үшін Подключить (Қосу) түймешігін
басыңыңыз.
ЕСКЕРІМ: егер тізімде ешқандай WLAN желісі көрсетілмесе, сымсыз жол
жоспарлағыштар мен кіру нүктелерінен алшақ жерде тұрсыз.
ЕСКЕРІМ: егер қосылғыңыз келетін желі көрінбей тұрса, Установить связь и сеть
(Байланыс немесе желі орнату) түймешігін басыңыз. Мүмкіндіктер тізімі көрсетіледі.
Қолмен іздеуді таңдап, желіге қосылуға немесе жаңа желі байланысын жасауға
болады.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағының желі белгішесіне қоюға
болады.
WLAN желісін пайдалану 7