HP ноутбугі Анықтамалық нұсқаулық
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Java — Sun Microsystems, Inc. корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Ноутбукке жалғанған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Кіріспе ............................................................................................................................................................. 1 Жаңа компьютеріңіз туралы қосымша ақпарат алу ......................................................................... 1 2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) ................................................................................................. 3 Сымсыз байланыс жасау ................................................
3 Мультимедиа ............................................................................................................................................... 17 Медиа əрекеттері пернелерін пайдалану ....................................................................................... 17 Аудио ................................................................................................................................................. 17 Дыбыс деңгейін реттеу .............................................
Сыртқы қуат көзі болмағанда заряды аз батарея деңгейін реттеу ............................................................................................... 31 Компьютер əрекетсіздік режимінен шыға алмаған кезде заряды аз батарея деңгейін реттеу ............................................... 31 Батареяның қуатын үнемдеу ........................................................................................... 31 Батареяны сақтау ............................................................................
6 Дискілер ........................................................................................................................................................ 48 Дискілерді ұстау ................................................................................................................................ 48 Қатты дискілерді пайдалану ............................................................................................................ 50 Қатты дискінің жұмысын жақсарту .........................
8 Күтім .............................................................................................................................................................. 67 Компьютерді тазалау ........................................................................................................................ 67 Дисплейді тазалау ........................................................................................................... 67 Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау .............................
x
1 Кіріспе Нұсқаулықта сымсыз желіге қосылу, мультимедиа, қуатты басқару, қауіпсіздік жəне т.б. қоса, HP жəне Compaq ноутбук компьютерлері туралы жалпы ақпарат берілген. ЕСКЕРІМ: мүмкін. осы нұсқаулықта сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы Жаңа компьютеріңіз туралы қосымша ақпарат алу Мына пайдаланушы нұсқаулықтары мен анықтамалық материалдар басылып шығарылған түрде немесе компьютердің қатты дискісінде, оптикалық дискісінде немесе SD картасында компьютермен бірге беріледі.
тармағын, одан кейін > Руководства Пользователя (Пайдаланушы нұсқаулығы) тармағын таңдаңыз.
2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер Интернетке қосылудың екі түрін қолдайды: ● Сымсыз — Сымсыз байланыс жасау 3-бетте бөлімін қараңыз. ● Сымды — Сымды желіге қосылу 11-бетте бөлімін қараңыз. ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылмас бұрын Интернет қызметін орнатуыңыз керек. Сымсыз байланыс жасау Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін: ● Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы.
Сымды желі (қосулы) Желіге бір немесе бірнеше желілік құрылғылардың қосылып тұрғанын көрсетеді. Желі (өшірулі/ажыратылған) Windows басқару тақтатсында барлық желілік құрылғылар өшірілгенін көрсетеді. Желі (қосулы) Желіге бір немесе бірнеше желілік құрылғылардың қосылып тұрғанын көрсетеді. Желі (ажыратылған) Желілік құрылғылардың желіге қосылып тұрмағанын білдіреді. Желі (өшірулі/ажыратылған) Ешқандай сымсыз қосылымдар қолжетімді емес екенін көрсетеді.
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану ЕСКЕРІМ: компьютердің сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосықышы немесе пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі болуы мүмкін. Осы нұсқаулық ішінде сымсыз байланыс түймешігі термині сымсыз басқару құралдарының барлық түрлеріне қолданылады. Сымсыз байланыс түймешігі компьютеріңіздің қай жерінде орналасқанын білу үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Wireless Assistant бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз. 1. Windows мобильділікті басқару орталығындағы белгішені басу арқылы Wireless Assistant бағдарламалық құралын ашыңыз. 2. Справка (Анықтама) түймешігін басыңыз. Windows XP 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет соединения (Желі жəне Интернет байланыстары) > HP Wireless Assistant тармақтарын таңдаңыз. 2. Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз. 3.
WLAN желісін пайдалану Сымсыз байланыс компьютерді Wi-Fi немесе WLAN желілеріне қосады. WLAN сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден жəне керек-жарақтарынан тұрады. Бар WLAN желісіне қосылу Windows 7 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. (Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру 5-бетте бөлімін қараңыз.) 2. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін басыңыз. 3.
ЕСКЕРІМ: жұмыс істеу қашықтығы (сымсыз сигналдар қандай қашықтыққа дейін жететіні) WLAN жасалуына, жоспарлағыштың өндірушісіне жəне электрондық құрылғылардың тосқауылдарына немесе қабырға жəне еден секілді құрылыс кедергілеріне байланысты болады.
Access (WPA) протоколы. WPA протоколы əр пакет үшін жаңа кілтті динамикалық түрде жасауға TKIP протоколын (Уақытша кілт бүтіндігі протоколы) пайдаланады. Сондай-ақ, ол желідегі əр компьютер үшін əртүрлі кілт жиындарын жасайды. Басқа желіге ауысу Компьютерді басқа WLAN жүйесінде жылжытқанда, Windows жүйесі сол желіге қосылуға тырысады. Егер бұл əрекет сəтті орындалса, компьютер автоматты түрде жаңа желіге қосылады.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 5. Батареяны алыңыз. 6. SIM картасын SIM карта ұясына салып, SIM картасы орнына қойылғанша оны жайлап басыңыз. ЕСКЕРТУ: SIM картасын салу кезінде картаны компьютердегі SIM карты ұясының жанындағы белгішеге келтіріп салыңыз. Егер SIM карта дұрыс салынбаса, ол SIM картасын немесе SIM карта қосқышты зақымдауы мүмкін. Қосқыштың зақымдану қаупін азайту үшін, SIM картасын күштеп салмаңыз. 7. Батареяны орнына салыңыз.
Bluetooth құрылғылары Bluetooth құрылғыларының жеке аймақ желісін (PAN) орнатуға рұқсат ететін P2P мүмкіндігін береді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне пайдалану туралы ақпарат алу үшін, Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз. Bluetooth жəне Интернет қосылымын ортақ пайдалану (ICS) HP Bluetooth құралы бар компьютерді орталық ақпараттық машина ретінде орнатып, оны басқа компьютерлер Интернетке қосыла алатын шлюз ретінде пайдалануға кеңес бермейді.
Модем кабелін қосу 1. Модем кабелін компьютердегі модем ұясына (1) қосыңыз. 2. Модем кабелін RJ-11 қабарғадағы телефон ұясына (2) салыңыз. Арнайы ел немесе аймақ модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елдер жəне аймақтар бойынша əр түрлі болады. Модемді жəне оның кабелін компьютерді сатып алған елден немесе аймақтан басқа жерде қолдану үшін, сол елдің немесе аймақтың арнайы модем кабелінің адаптерін алыңыз.
Орналасу параметрін таңдау Ағымдағы орналасу таңдауын көру Windows 7 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз. 2. Часы, язык и регион (Сағат, тіл жəне аймақ) құрамдас бөлігін басыңыз. 3. Содан соң Регион и язык (Аймақ жəне тіл) қойындысын таңдаңыз. 4. Орныңызды көру үшін, Размещение (Орын) қойындысын таңдаңыз. Windows XP 1. Пуск (Бастау), > Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз. 2.
3. Правила набора (Нөмір теру ережелері) қойындысын таңдаңыз. 4. Создать (Жаңа) түймешігін басыңыз. «Жаңа орын» терезесі ашылады. 5. Жаңа орын орнату үшін, Имя расположения (Орын атауы) терезесіне, (үй немесе жұмыс секілді) атау теріңіз. 6. Страна (Ел/аймақ) тізімінің ішінен елді немесе аймақты таңдаңыз. (Егер модем қолдамайтын елді немесе аймақты таңдасыңыз, АҚШ немесе Ұлыбритания ел/аймақ таңдауы көрсетіледі.) 7.
10. Жаңа орын параметрін сақтау үшін, OK түймешігін басыңыз. «Телефон и модем» (Телефон жəне модем параметрлері) терезесі ашылады. 11. Мына əрекеттердің бірін орындаңыз: ● Жаңа орын параметрін ағымдағы орынға орнату үшін OK түймешігін басыңыз. ● Басқа орын параметрін ағымдағы орын параметрі ретінде таңдау үшін, қалаған параметрді Расположение (Орын) тізімі ішіндегі параметрлерден таңдап, OK түймешігін басыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт немесе жабдық зақымдалуы қаупін азайту үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына қоспаңыз.
3 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Бір немесе бірнеше кірістірілген үндеткіштер ● Бір немесе бірнеше кірістірілген микрофондар ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа əрекеттері пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● М
Дыбыс деңгейін реттеу Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге болады: ● Дыбыс деңгейі түймешіктері ● Дыбыс деңгейі жылдам пернелері ● Дыбыс деңгейі пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері нұсқаулығын қараңыз. ЕСКЕРІМ: болады.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Звук, речь и аудиоустройства (Дыбыс, сөз жəне аудио құрылғылар) > Звук и аудиуостройства (Дыбыс жəне аудио құрылғылар) тармақтарын таңдаңыз. 2. «Свойства: Звуки и аудиоустройства» (Дыбыс жəне аудио құрылғылардың сипаттары) терезесі ашылған кезде, Звук (Дыбыс) қойындысын басыңыз.
Microsoft Office Communicator немесе Jabber контактілер тізімін пайдалануға немесе жаңа тізім жасап контактілерді қолмен енгізуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін, SkyRoom бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз. Бейне Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін: ● VGA ● DisplayPort ● HDMI VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі.
▲ Сандық дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғының кабелін DisplayPort портына қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Экран кескінін қосу туралы өнімнің арнайы нұсқауларын Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығынан қараңыз. HDMI HDMI (Айқындығы жоғары мультимедиалық тілдесу) порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген сыйысымды сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін: 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғап, қосымша ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Экран кескінін қосу туралы өнімнің арнайы нұсқауларын Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығынан қараңыз.
Intel® Wireless Display (тек таңдаулы үлгілерде) Intel® Wireless Display технологиясы компьютер мазмұнын теледидарда сымсыз бөлісуге мүмкіндік береді. Сымсыз дисплеймен жұмыс істеу үшін сымсыз теледидар адаптері (бөлек сатып алынады) қажет етіледі. DVD жəне Blu-ray дискілері сияқты шығарудан қорғайтын мазмұн Intel Wireless Display құрылғысынан көрсетілмейді. Сымсыз адаптерді пайдалану туралы мəліметтерді құрылғыны өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
4 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосықышы болуы мүмкін. Осы нұсқаулық ішінде қуат түймешігі термині қуатты басқару құралдарының екі түрліне де қолданылады. ЕСКЕРІМ: Windows 7 жүйесінде Спящий режим (Күту), ал Windows XP жүйесінде Режим ожидания (Күту қалыбы) терминдері қолданылады. Ұйқылық термині осы нұсқаулық ішінде екеуіне де қолданылады. Қандай да бір əрекеттерге əсер ететін амалдық жүйелер арасындағы айырмашылық ескерілген.
Компьютер жауап қайтармай, алдыңғы өшіру əрекетін пайдалану мүмкін болмаса, мына төтенше əрекеттерді көрсетілген ретте орындап көріңіз: ● Windows 7 амалдық жүйесінде — ctrl+alt+delete түймешіктерін, содан соң Қуат түймешігін басыңыз. Windows XP амалдық жүйесінде — ctrl+alt+delete түймешіктерін басыңыз. Завершение работы (Жұмысты аяқтау) түймешігін басып, Выключить (Сөндіру) тармағын таңдаңыз. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Күту режимінен шығу үшін: ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Экран жабылып тұрса, оны ашыңыз. ● Пернетақтадағы кез келген түймешікті басыңыз. ● Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе басыңыз. Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамы жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі. ЕСКЕРІМ: Егер күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Қуат жоспарларын пайдалану Қуат жоспары (немесе Windows XP жүйесінде қуат схемасы) — компьютердің қуатты пайдалануын қадағалайтын жүйе параметрлерінің жинағы. Қуат жоспарлары қуатты үнемдеуге немесе өнімділікті арттыруға көмектеседі. Ағымдағы қуат жоспарын қарау Келесі əдістердің кез келгенін таңдаңыз: ● Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткішінің белгішесін басыңыз.
Windows XP 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Performance and Maintenance (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Параметры электропитания (Қуат параметрлері) параметрін таңдаңыз. 2. Схемы электропитания (Қуат схемалары) тізімінің ішінен қуат жоспарын таңдаңыз. 3. Plugged in жəне Running on batteries settings параметрлерінің керектісіне өгертіңіз. 4. OK түймешігін басыңыз.
Батарея қуатын пайдалану Компьютердің ішінде зарядталған батарея болып, компьютер сыртқы электр қуатына жалғанбаған болса, ол батареяның қуатымен жұмыс атқарады. Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанған кезде, компьютер осы ток қуатымен жұмыс атқарады. Сыртқы айнымалы ток арқылы жұмыс жасап тұрған ішінде зарядталған батареясы бар компьютер айнымалы ток адаптері ажыратылған кезде, батарея қуатына көшеді.
Батареяны тексеру құралын қосу үшін: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерді сыртқы қуат көзіне жалғаңыз, сонда батареяны тексеру құралы дұрыс жұмыс істейді. 2. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) > Мощность, тепловая и механическая (Электр қуаты, жылылық жəне механикалық) параметрін таңдаңыз. 3. Питание (Қуат) жиекбелгісін басып, Battery Check (Батареяны тексеру) параметрін таңдаңыз.
– немесе – ● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесі батарея зарядының төмен деңгейде екенін немесе мүлде таусылып жатқанын көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпаратты Қуат көрсеткішін қолдану 26-бетте бөлімінен қараңыз. Өте төмен батарея деңгейі үшін компьютерде мына əрекеттер орындалады: ● Егер ұйықтау режимі қосылып, компьютер қосулы немесе күту режимінде болса, компьютер ұйықтау режиміне ауысады.
● Сыртқы қуат көзіне қосылмаған, пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратып тастаңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тастап кетпес бұрын, компьютерді күту немесе ұйықтау режиміне қойыңыз, не болмаса оны өшіріңіз. Батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяның зақымдану қаупін азайту үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу туралы ақпаратты компьютердің қорабында берілген Жылдам орнату хабарландыруынан қараңыз. Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуатына жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Экран қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Батареяны компьютерден шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 4. Компьютерді қосыңыз. ● Егер қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс жұмыс істеп тұр.
5 Сыртқы карталар мен құрылғылар Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңізде қолданылатын сандық карта пішімдерін анықтау үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
Сандық картаны шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны (1) ішке қарай басып, ұясынан (2) шығарып алыңыз.
Компьютер карталарын конфигурациялау Конфигурациялау кезінде басқа компьютер карталарының қолдауын жоғалтып алу қаупін азайту үшін, тек құрылғыға қажетті бағдарламалық құралды орнатыңыз. Егер компьютер картасының өндірушісі құрылғы драйверлерін орнатуды сұраса, мынаны жасаңыз: ● Амалдық жүйеге тек құрылғы драйверлерін орнатыңыз. ● Картаға қызмет көрсету, ұяға қызмет көрсету немесе компьютер картасының өндірушісі беретін іске қосқыштар секілді бағдарламалық құралдарды орнатпаңыз.
2. Компьютер карта ұясына картаны салып, оны нық орналасқанша басыңыз. Карта анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютер картасын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады. ЕСКЕРІМ: Қуатты үнемдеу мақсатында компьютер картасын, оны пайдаланбаған кезде өшіріңіз немесе шығарып тастаңыз.
ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ExpressCard картасы — ExpressCard ұясына салынатын өнімділігі жоғары компьютер картасы. Қалыпты компьютер картасы секілді ExpressCards карталары секілді PCMCIA (Жеке компьютер жад картасының халықаралық қоғамдастығы) сипаттамаларына сəйкес келеді. ExpressCard картасын конфигурациялау Тек картаға қажетті бағдарламалық құралды орнатыңыз.
ExpressCard картасын салу ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы медиа карталардың зақымдануын болдырмау үшін, ExpressCard ұясына компьютер картасын салмаңыз. ЕСКЕРТУ: Қосқыштардың зақымдану қупін азайту үшін: ExpressCard картасын өте жай салыңыз. ExpressCard картасын пайдаланып жатқан кезде компьютерді жылжытпаңыз немесе тасымалдамаңыз. ExpressCard ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қоысшаны шығарып алу үшін: 1. Қосышаны ашу үшін, оған (1) басыңыз. 2. Қосымшаны ұядан суырып алыңыз (2).
ExpressCard картансын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. ExpressCard картасын босату жəне шығарып алу: a.
Смар-картаны салу 1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу құрылғысына орныққанша сырғытыңыз. 2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұқсауларды орындаңыз. Смар-картаны шығарып алу ▲ Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады. USB құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін USB құрылғысын шығарып алған кезде оны сымынан тартпаңыз.
1394 құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: 1394 порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ 1394 құрылғысын компьютерге жалғау үшін 1394 кабелін компьютердегі 1394 портына жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. 1394 құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында м құрылғысын шығарып алмас бұрын оны өшіріңіз.
eSATA құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: eSATA порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ eSATA құрылғысын компьютерге жалғау үшін eSATA кабелін компьютердегі eSATA портына жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. eSATA құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: eSATA қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін eSATA құрылғысын шығарып алған кезде оны сымынан тартпаңыз.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Қажет бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қай портын қолдануды білу үшін өндіруші' нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
Жалғау ұясын пайдалану (тек таңдаулы модельдерде) Жалғау ұясы компьютерді қосымша жалғау құрылғысымен байланыстырады. Қосымша жалғау құрылғысы компьютермен қолдануға болатын қосымша порттар мен ұялармен қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: мүмкін.
6 Дискілер Дискілерді ұстау Дискілер компьютердің сынғыш бөліктері болып табылады, оларды байқап ұстау керек. Дискілерді ұстамас бұрын мына ескертулерді қарап шығыңыз. Қосымша ескертулер олар қолданатын шараларға енгізілген. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: 48 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
тексеретін əуежай конвейр таспалары жəне осыған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магнетизм орнына рентген сəулелерін қолданады жəне ол дискіге зақым келтірмейді.
Қатты дискілерді пайдалану Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьтерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді. ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету қажет емес Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей береді.
Дискіні тазалау құралын қосу үшін: 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Стандартные (Стандартты құралдар) > Служебные (Қызметтік бағдарламалар) > Очистка диска (Дискіні тазарту) параметрін таңдаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Хабарландыру аймағының белгішесін қосу үшін: 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал мен дыбыс) > HP ProtectSmart Hard Drive Protection параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясымен сұрақ қойылса, Иə түймешігін басыңыз. 2. Icon in System Tray (Жүйенің жинақтау қатарындағы белгіше) жолынан Show (Көрсету) параметрін таңдаңыз. 3. OK түймешігін басыңыз.
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық дискілердің мынадай түрлері бар: ● ықшам диск ● DVD ● Blu-ray (BD) Орнатылған оптикалық дискіні анықтау ▲ Windows 7 амалдық жүйесінде — Пуск (Бастау) > Компьютер (Компьютер) тармақтарын таңдаңыз. Windows XP амалдық жүйесінде — Пуск (Бастау) > Мой компьютер (Менің компьютерім) тармақтарын таңдаңыз. Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі.
Оптикалық дискілерді енгізу Диск науасы 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск наусын шығару үшін (1) жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басыңыз. 3. Науаны тартып шығарыңыз (2). 4. Дискінің бетіне қолыңызды тигізіп алмай, жиектерінен ұстаңыз да, дискінің жапсырма бетін жоғары қаратып науа білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні білікке орналастыру үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 5. Дискіні орнына қонғанша науаға қарай абайлап басыңыз (3). 6.
3. Дискіні диск саңылауы оптикалық жетегіне ақырындап сырғытып салыңыз. Оптикалық дискілерді шығарып алу Диск науасы Диск науасының қалыпты ашылуына немесе ашылмауына байланысты дискіні шығарып алудың екі жолы бар. Егер диск науасы қалыпты ашылатын болса 1. Диск науасын шығару үшін жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басып (1), науаны абайлап, толықтай тартып шығарыңыз (2). 2. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3).
Диск науасы ашылмай тұрса 1. Жетектің алдыңғы беткі тақтасындағы босату тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын салыңыз (1). 2. Науа босағанша қағаз қыстырғышты абайлап итеріңіз де, науаны толықтай тартып шығарыңыз (2). 3. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 4.
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілері — бір компьютерге жалғанған жинақтағыш дискіне сол желідегі басқа компьютерден қол жеткізуге мүмкіндік беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі.
қабылдайды. Егер бірнеше диск осы нұсқада бірге жұмыс істеуге орнатылса олар RAID жиынтығы болып қарастырылады. RAID туралы қосымша ақпаратты http://www.hp.com/support HP веб-торабынан қараңыз.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows® амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін орнату бағдарламасы дербес параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін.
сөздердің бірнеше түрін қоюға болады. Құпия сөздерді Windows амалдық жүйесінде немесе компьютерге алдын ала орнатылған Windows жүйесіне кірмейтін Орнату бағдарламасында орнатуға болады. ЕСКЕРІМ: Құлыптанған компьютерге кіре алмай қалу қаупін азайту үшін, əрбір құпия сөзді жазып, қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз. Бір құпия сөзді орнату бағдарламасы мен Windows қауіпсіздік мүмкіндігі үшін де пайдалануға болады. Сонымен қатар, бір құпия сөзді бірнеше орнату бағдарламасы мүмкіндігі үшін пайдалануға болады.
Орнату бағдарламасына құпия сөз қою Құпия сөз Қызмет Əкімші құпия сөзі* ● Орнату бағдарламасына рұқсатсыз кіруден қорғайды. ● Бұл құпия сөз орнатылған соң, Орнату бағдарламасына əрбір кірген сайын оны енгізіп отыру керек. ЕСКЕРТУ: Егер əкімші құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, Орнату бағдарламасына кіре алмайсыз. ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін қосылғанда сұралатын құпия сөз орнына қолдануға болады.
Əкімші құпия сөзін басқару Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Баптаулар утилитасын компьютерді қосу немесе қайта қосу арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Қосылу мəзірі көрсетілген кезде f10 пернесін басыңыз. 2.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді басқару Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Баптаулар утилитасын компьютерді қосу немесе қайта қосу арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Қосылу мəзірі көрсетілген кезде f10 пернесін басыңыз. 2.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы осы бөлімдегі суретте көрсетілгеннен сəл өзгеше болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы қайда орналасқанын білу үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
● Дисплейдің оң жақ жоғарғы бұрышында ● Дисплейдің сол жағында Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденең немесе ұзыннан бағытталуым мүмкін. Екі бағытталу да саусағыңызбен темір сенсорды перпендикулярлы бағытта түртуді талап етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысы қайда орналасқанын білу үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
8 Күтім Компьютерді тазалау Дисплейді тазалау ЕСКЕРТУ: Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз. Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы, талшықтарды қалдырмайтын матамен жүйелі түрде тазалаңыз. Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала суланған антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған антистатикалық тазалағышты пайдаланыңыз.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) — SoftPaq нөмірін қажет етпей, HP жұмыс компьютерлеріне арналған SoftPaq ақпаратына жылдам өткізуге мүмкіндік беретін құрал. Бұл құралмен SoftPaq құралдарын оңай тауып, жүктеуге, сосын оларды бумасынан шығаруға болады. SoftPaq Download Manager құралы құрамында компьютер моделі жəне SoftPaq ақпараты бар жарияланған дерекқор файлын HP FTP сайтынан оқу жəне жүктеу арқылы жұмыс істейді.
Егер бір не одан көп SoftPaq құралын жүктегіңіз келіп, интернетке қосылу жылдамдығы жоғары болса, Download & Unpack (Жүктеу жəне бумасынан шығару) түймесін басыңыз. 6. Таңдалған SoftPaq құралдарын компьютерге орнату үшін SoftPaq Download Manager бағдарламалық құралындағы Install SoftPaq (SoftPaq орнату) файлын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз.
9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе диагностикасы Орнату утилитасын пайдалану Орнату бағдарламасы немесе BIOS (Негізгі енгізу/шығару жүйесі) жүйедегі барлық енгізу жəне шығару құрылғыларының байланысын басқарады (диск жетегі, дисплей, пернетақта, тышқан жəне басып шығарғыш секілді). Орнату бағдарламасының орнатылған перифериялы құрылғылардың түрлеріне арналған параметрлері, компьютердің қосылу реті жəне жүйе жады мен кеңейтілген жады бар.
Орнату утилитасында ауысу жəне таңдау Орнату утилитасына ауысу жəне таңдау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. ● Мəзірді немесе мəзір тармағын таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтадағы көрсеткі пернелерді қолданып, содан кейін enter пернесін басыңыз немесе меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
Орнату утилитасының зауыттық параметрлерін қалпына келтіру ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді. Орнату утилитасының барлық параметрлеріне зауытта қойылған мəндерді қайтару үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2.
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек. BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (сондай-ақ, ROM күні жəне Жүйелік BIOS ретінде белгілі) fn+esc пернелер тіркесімін (Windows жүйесінде болсаңыз) басу немесе орнату утилитасын пайдалану арқылы көрсетуге болады. 1. Орнату утилитасын іске қосыңыз. 2.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен ақылдасыңыз. BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Windows 7 амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) > Компьютер (Компьютер) тармақтарын таңдау арқылы Windows Explorer бағдарламасын ашыңыз.
Жүйе диагностикасын іске қосу үшін: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілгенде, f2 пернесін басыңыз. 2. Жүргізілетін диагностикалық тексеру белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: басыңыз.
A Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
B Ақаулықтарды жою жолдары ● Анықтама жəне қолдау орталығы арқылы веб-тораптар сілтемесіне өтіп, компьютер туралы қосымша ақпарат алыңыз. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдары Интернетке қосылуды қажет етеді. Сонымен қатар, HP компаниясы Интернетке қосылуды қажет етпейтін қосымша құралдар ұсынады. ● http://www.hp.com/go/contactHP веб-торабынан HP тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
C Электростатикалық ток соғу Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс Таңбалар/Сандар «Режим ожидания» (Күту қалыбы) 24 1394 кабелі, жалғау 44 1394 құрылғылары белгіленген 43 қосылу 44 шығарып алу 44 16 биттік компьютер карталары 36 32 биттік компьютер карталары 36 А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 21, 23 айнымалы ток адаптері, тексеру 34 айнымалы ток адаптерін тексеру 34 ақаулықтарды жою жолдары 78 амалдық жүйенің басқару құралдары 6 аудио функциялар, тексеру 18 аудио функцияларды тексеру 18 Ə əкімші құпия сөзі басқару 62 енгізу 62 жасау 62 əкімші құпия сөзі
желі белгішесі 3 желілік кабель, қосылу 15 жергілікті желі (LAN) кабель керек 15 қосылу кабелі 15 жүйе туралы ақпарат, көрсету 71 З заряды аз батарея деңгейі 30 И Интернет байланысын орнатқыш 8 К кабельдер 1394 44 eSATA 45 USB 43 кеңейту порты 46 компьютер, сапарға шығу 32, 76 компьютерді қорғау 59 компьютерді өшіру 24 компьютерді сапарға алып шығу 32, 76 Компьютер карталары қолданылатын түрлер 36 компьютер карталары бағдарламалық құрал жəне драйверлер 37 конфигурациялау 37 қосымшаны алып тастау 37 салу 37
кеңейту 46 сыртқы монитор 20 медиа 17 сымсыз байланыс С сандық карта қолдайтын пішімдер 35 салу 35 шығарып алу 36 саусақ ізін оқу құрылғысы орналасуы 65 пайдалану 65 смарт-карта белгіленген 41 салу 42 шығарып алу 42 сымды желіге қосылу 11 сымсыз байланыс əрекеттер түймешігі 5 белгішелер 3 қорғау 8 қосқыш 5 орнату 8 түймешік 5 сымсыз байланыс, жасау 3 сымсыз байланыс жасау 3 сымсыз желі (WLAN) керек жабдық 8 қауіпсіздік 8 қосылу 7 сымсыз желіңізді қорғау 8 сымсыз құрылғылар, қосу немесе өшіру 5 сымсыз құры
USB құрылғылары қосылу 43 сипаттама 42 шығарып алу 43 USB функциясын қолдау 70 USB хабтары 42 V VGA порты, қосу 20 W Windows амалдық жүйесі, құпия сөздер орнату 60 Wireless Assistant бағдарламалық құралы 5 WLAN жүйесін орнату 8 WWAN құрылғысы 9 Индекс 83