Getting ready for work HP laptop - Windows 7
1 Қош келдіңіз
●
Қандай келесі қадам?
●
Ақпаратты табу
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
●
Интернетке қосылу—Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін,
Желі орнату 20-бетте тарауын қараңыз.
●
Антивирус бағдарламалық құралын жаңарту—вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да,
тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады. Қосымша ақпарат алу үшін, HP ноутбугі
үшін анықтамалық нұсқаулықты қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану туралы
нұсқауларды алу үшін,
Ақпаратты табу 3-бетте атты бөлімді қараңыз.
● Компьютермен танысу— компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 6-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар 25-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
●
Қалпына келтіру дискілерін жасау—Амалдық жүйе мен бағдарламалық құралдарды
жүйе тұрақсыздағы немесе ақаулығы жағдайында зауыттық параметрлерге келтіру үшін
қолданылады. Нұсқауларды
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру 43-бетте атты
бөлімнен қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу— компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) жолын таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық құралдарды
пайдалану туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін бағдарламалық құралмен қоса немесе
өндірушінің веб-торабында қамтамасыз етілуі мүмкін бағдарламалық құралды өндірушінің
нұсқауларын қараңыз.
1