Getting ready for work HP laptop - Windows 7

Тұтынылатын қуат
Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде
берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін.
Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді.
Ауыспалы ток қуат көзі 100–240 В, 50–60 Гц болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен
жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы
компьютерге қолдану үшін ұсынған
айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Компьютерді төмендегі техникалық параметрлер ішінде тұрақты ток қуат көзі арқылы қуатпен
қамтамасыз етуге болады.
Тұтынылатын қуат Мөлшер
Жұмыс кернеуі жəне тоғы 18,5 В (тұрақты ток) болғанда 3,5 A - 65 Вт 19 В (тұрақты ток) болғанда 4,74
A - 90 Вт немесе 18,5 В (тұрақты ток) болғанда 6,5 A - 120 Вт
ЕСКЕРІМ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мəні
240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің жұмыс кернеуін жəне ток қуатын жүйенің техникалық сипаттамасы
жазылған жапсырмадан табуға болады.
Тұтынылатын қуат
55