Getting ready for work HP laptop - Windows 7

Компьютерді бастау ретін өзгерту
Қалпына келтіру дискілерін бастау ретін өзгерту үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қайта бастаңыз.
2. Компьютер басталып тұрғанда esc пернесін басыңыз, одан кейін бастау мүмкіндіктерін
ашу үшін, f9 пернесін басыңыз.
3. Бастау мүмкіндіктері терезесінен Внутренний CD/DVD ROM диск (Ішкі CD/DVD ROM
дискісі) тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру флэш-дискісін бастау ретін өзгерту үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Флэш-
дискіні USB портына енгізіңіз.
2. Компьютерді қайта бастаңыз.
3. Компьютер басталып тұрғанда esc пернесін басыңыз, одан кейін бастау мүмкіндіктерін
ашу үшін, f9 пернесін басыңыз.
4. Бастау мүмкіндіктері терезесінен флэш-дискіні таңдаңыз.
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру
Файлдардың сақтық көшірмесін жасау жəне жаңа бағдарламалық құралдарды қауіпсіз жерде
сақтау өте маңызды. Жаңа бағдарламалық құралдар мен деректік файлдар қосқан сайын
сақтық көшірмелерді жүйелі түрде жасап отырыңыз.
Жүйені қалпына келтіру нəтижелері жақында жасалған сақтық көшірмеге байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Жақында жасалған сақтық көшірмеден қалпына келтіруді компьютерге вирус
шабуыл жасаған немесе жүйенің негізгі компоненттері істен шыққан жағдайда жүзеге асыру
қажет. Компьютер ақаулықтарын жөндеу үшін, жүйені қалпына келтірмес бұрын қалпына
келтіру əрекеті орындалуы тиіс.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дискілерде
жасауға болады. Мына жағдайларда жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз:
Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
КЕҢЕС: Мəліметтердің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасау үшін еске салғышты
орнатыңыз.
Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе өзгертпес бұрын
48 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру