Getting ready for work HP laptop - Windows 7
Қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру (тек таңдаулы
модельдерде)
Қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру кезінде, суреттер, музыка, аудио мен
бейне файлдар, фильмдер, жазылған ТД бағдарламалары, құжаттар, электрондық кестелер,
көрсетілімдер, электрондық пошта хабарламалары, Интернет таңдаулылары мен
параметрлерінің сақтық көшірмелерін жасауға мүмкіндік бар.
Компьютерді қалпына келтіру бөлімінен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
1. Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
●
Пуск (Бастау) >
Все программы (Барлық бағдарламалар) > Recovery Manager >
Recovery Manager тармақтарын таңдаңыз.
– немесе –
●
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. «F11 (System Recovery)»
(F11 (Жүйені қалпына келтіру)) хабары экранда көрсетілгенде f11 пернесін басыңыз.
2. Recovery Manager терезесінде Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру
)
параметрін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
46 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру