Getting ready for work HP laptop - Windows 7
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық диск жетегіне салмай
тұрып нөмірлеңіз.
●
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына келтіру флэш-дискісінің
жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан шыға аласыз. Келесі рет Recovery Manager
бағдарламасы ашылған кезде сізге сақтық көшірмені жасау үрдісін жалғастыру
ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасау үшін, мына
əрекеттер орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Recovery Manager >
Создание носителя восстановления (Қалпына келтіру медиасын жасау) тармақтарын
таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді. Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру
дискілерінен, қалпына келтіру флэш-дискісінен немесе қатты дискідегі арнайы қалпына келтіру
бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) жұмыс істейді.
ЕСКЕРІМ: Жүйені қалпына келтіруді компьютердің қатты дискісінің ақаулығы орын алған
жағдайда немесе компьютер жұмысына байланысты ақаулықтарды жөндеу əрекеттері сəтсіз
аяқталған жағдайда жүзеге асыру қажет. Жүйені қалпына келтіру əрекеті компьютердің
ақаулықтарын жөндеу кезінде соңғы əрекет ретінде пайдаланылуы тиіс.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз:
●
Бұрын сақтық көшірме жасалған жүйені ғана қалпына келтіре аласыз. НР компаниясы
компьютеріңізді орнатқаннан кейін қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына
келтіру флэш-дискісін жасау үшін, HP Recovery Manager бағдарламасын пайдалануды
ұсынады.
●
Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар. Егер бұл
мүмкіндіктерді əлі сынап
көрмесеңіз, Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын
оларды сынап көріңіз.
● Recovery Manager құралы зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды
ғана қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен
дискіден қайта орнату қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
45