Getting ready for work HP laptop - Windows 7

Қалпына келтіру
Қатты диск ақаулығының жағдайында жүйені зауыттық кескінге дейін қалпына келтіру үшін,
қалпына келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-дискісі қажет болады,
олардың екеуін HP Recovery Manager арқылы жасауға болады. HP компаниясы бағдарламалық
құрал орнатылғаннан кейін аталған бағдарламалық құралды қалпына келтіру дискілерінің
жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасау үшін пайдалануды ұсынады.
Егер басқа себептен жүйені
қалпына келтіруге қажет болса, оны жасау үшін, қалпына келтіру
дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-дискісін пайдаланбастан НР қалпына келтіру бөлімін
(тек таңдаулы үлгілерде) пайдаланыңыз. Қалпына келтіру дискілерінің бар екенін тексеру үшін,
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз
да, Управление (Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дисктерді
басқару)
тармағын таңдаңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі бар болса, қалпына келтіру дискісі терезедегі
тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ: HP Recovery Manager (бөлім немесе дискілер/флэш-диск) зауытта алдын ала
орнатылған бағдарламалық құралдарды ғана қалпына келтіреді. Осы компьютермен
жеткізілмейтін бағдарламалық құралдар қолмен қайта орнатылуы тиіс.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі компьютерде болмаса,
жеткізіледі.
Қалпына келтіру медиасын жасау
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына
келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре алуға сенімді болуыңыз үшін қалпына келтіру
дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасауға кеңес береді. Бұл
дискілерді немесе флэш-дискіні компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін жасаңыз
.
ЕСКЕРІМ: HP Recovery Manager құралы қалпына келтіру дискілерінің тек бір жинағын немесе
бір қалпына келтіру флэш-дискісін жасауға мүмкіндік береді. Бұл дискілерді немесе флэш-
дискіні қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі болмаса, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалана
аласыз немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан сатып
алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы
сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD+R DL дискілерін сатып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: CD-RW, DVD±RW жəне қос қабатты DVD±RW жəне BD-RE (қайта жазылатын
Blu-ray) дискілері сияқты оқу-жазу дискілері Recovery Manager бағдарламалық құралымен
үйлеспейді.
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы қажет.
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек бір жинағын немесе бір қалпына келтіру
флэш-дискісін жасауға болады.
44 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру