Getting ready for work HP laptop - Windows 7

b. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), оны ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін
контейнерге салыңыз.
8. Жаңа жад модулін енгізу үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.
Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
a. Жад модулінің ойықтары бар шетін (1) жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз.
b. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрышта тұрғанда, модульді (2) жад модулінің
ұясына нық отырғанша басыңыз.
c. Ұстап тұратын қысқыштар бекітілгенше, жад модулінің сол жəне оң жақ шеттерін
қысып, жад модулін (3) басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз.
40 Бап 5 Күтім