Getting ready for work HP laptop - Windows 7
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, мына
əрекеттер орындаңыз:
Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді
өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Компьютерді тегіс жерде төңкеріңіз.
5. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін Батареяны салу жəне шығарып алу 33-бетте атты
бөлімді қараңыз.
6. Қатты дискінің қақпағын алу:
a. Қатты диск қақпағын босату үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
b. Қатты диск қақпағын (2) алыңыз.
7. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
a. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды (1) тартып шешіңіз.
Жад модулінің бұрышы жоғары қарайды.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
39