Getting ready for work HP laptop - Windows 7
b. Панельдің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, қатты диск қақпағын (2)
орнына түскенше төмен қарай жайлап басыңыз.
5. Батареяны орнына салыңыз.
6. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде екі жад модулі ұясы бар. Жад модулі ұялары компьютер түбінде қатты диск
қақпағының астында орналасқан. Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулін қосу немесе
жад модулі ұяларының біреуінде бар жад модулін ауыстыру арқылы жаңартуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
38 Бап 5 Күтім