Getting ready for work HP laptop - Windows 7
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, мына
əрекеттер орындаңыз:
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді
өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Компьютерді тегіс жерде төңкеріңіз.
5. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін Батареяны салу жəне шығарып алу 33-бетте атты
алдыңғы бөлімді қараңыз.
6. Қатты дискінің қақпағын алыңыз:
a. Қатты диск қақпағын босату үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
b. Қатты дискінің қақпағын (2) сыртына тартыңыз.
7. Қатты диск кабелін (1) компьютерден ажыратыңыз.
8. Қатты дискінің 4 бұрандасын (2) алыңыз.
36 Бап 5 Күтім