Getting ready for work HP laptop - Windows 7
3. Батареяны (2) батарея ұясына нық отырғанша бұрыңыз. Батареяны босату ысырмасы
батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады.
Батареяны шығарып алу үшін:
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі
арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді тегіс жерде төңкеріңіз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
34 Бап 5 Күтім