Getting ready for work HP laptop - Windows 7

Таңдау
Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты
пайдаланылады.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану
үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақтаның қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау
көрсетіле бермейді.
Қимылдың жұмысын көру үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Synaptics
белгішесін
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Свойства сенсорной панели
(Сенсорлы тақтаның сипаттары) параметрін таңдаңыз.
2. Көрсетілімді көру үшін, қимылды нұқыңыз.
Іс-қимылдарды қосу жəне ажырату үшін:
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Synaptics
белгішесін
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Свойства сенсорной панели
(Сенсорлы тақтаның сипаттары) параметрін таңдаңыз.
2. Қосқыңыз жəне ажыратқыңыз келетін іс-қимылдарды таңдаңыз.
3. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
31