Getting ready for work HP laptop - Windows 7
Пернетақтаны пайдалану
Əрекет пернелерін пайдалану
Əрекет пернелері пернетақтаның үстіңгі жағындағы пернелерге тағайындалған арнайы
əрекеттерді орындайды. f1 мен f4 жəне f6 мен f12 пернелеріндегі белгішелер əрекет перне
функцияларын білдіреді.
Əрекет пернесін пайдалану үшін, тағайындалған функцияны белсендіруге пернені басып ұстап
тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылған. Бұл мүмкіндікті Setup Utility
құралында ажыратуға болады. Егер бұл мүмкіндік Setup Utility құралында ажыратылса,
тағайындалған функцияны іске қосу үшін fn жəне əрекет пернесін басу қажет.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау
орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты жою
қызметін жəне қолдау көрсетуші мамандармен хабарласу сілтемелерін ұсынады.
f2 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда экран жарықтығын қадам бойынша
төмендетеді.
f3 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда экран жарықтығын қадам бойынша
жоғарылатады.
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан
кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы
VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. Сонымен қатар, экрандағы суретті
ауыстыру пернесі компьютерден бейне ақпаратын
қабылдайтын басқа да
құрылғылар арасында суреттерді ауыстырып көрсетеді.
f6 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолшықты немесе DVD немесе BD дискісіндегі
алдыңғы бөлімді ойнатады.
f7 Аудио ықшам дискісіндегі жолшықты немесе DVD не Blu-ray дискісіндегі бөлімді
ойнату, тоқтата тұру, жалғастыру.
f8 Аудио ықшам дискідегі келесі жолшықты, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі
бөлімді ойнатады.
f9 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.
26 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар