Getting ready for work HP laptop - Windows 7

Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз аймақтық желі (WWAN) құрылғысы
Bluetooth құрылғысы
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат
алу үшін Справочное руководство ноутбука НР (НР
ноутбугы үшін анықтамалық
нұсқаулықтан), анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен жəне
берілген мəліметтерден қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін
басыңыз.
4. Қажет желіні таңдаңыз.
5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
6. Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
22 Бап 3 Желі орнату