Getting ready for work HP laptop - Windows 7
Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып
табылады.
(2)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(3)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты
қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(4)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
(5)
SuperSpeed USB порты (2) Қосымша USB 3.0 құрылғыларын қосады (тек таңдаулы
үлгілерде) жəне жақсартылған USB қуат жұмысын
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, SuperSpeed USB порттары
USB 1.0 жəне 2.0 құрылғыларымен сыйысымды.
(6)
Aудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын,
стереомикрофонды немесе моно микрофонды қосады.
(7)
Аудио шығыс (гарнитура) ұялары (2) Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге,
гарнитураларға, құлақаспаптарға немесе теледидардың
аудио құрылғысына қосылғанда, дыбыс шығарады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында,
дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған
орта ескертулері нұсқаулығын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы гарнитура ұясына қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады.
16 Бап 2 Компьютермен танысу