Жұмысқа дайындық HP ноутбугі
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Қандай келесі қадам? ......................................................................................................................... 2 Beats Audio (тек таңдаулы үлгілерде) .............................................................................. 2 Ақпаратты табу ............................................................
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 29 Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату ............................................. 29 Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................. 29 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................................................... 30 Шарлау .....................................................
1 Қош келдіңіз ● Қандай келесі қадам? ● Ақпаратты табу Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу—Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Желі орнату 20-бетте тарауын қараңыз. ● Антивирус бағдарламалық құралын жаңарту—вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да, тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады.
Қандай келесі қадам? Beats Audio (тек таңдаулы үлгілерде) Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін жетілдірілген дыбыс профилі. Beats Audio əдепкі параметрлер бойынша қосылған. ▲ Beats Audio төменгі жиілік параметрлерін азайту немесе ұлғайту үшін, fn+b пернелерін басыңыз. Төменгі жиілік параметрлерін Windows амалдық жүйесі арқылы да көруге немесе басқаруға болады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді.
Құралдар Берілетін ақпарат Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертулер ● Заңдық жəне қауіпсіздік ақпараты Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін, мына əрекеттер орындаңыз: ● Батареяларды қоқысқа тастау туралы ақпарат ● Жұмыс компьютерін дұрыс орнату, дұрыс отыру, денсаулық сақтау жəне жұмыс жасау салттары ● Электр жəне механикалық қауіпсіздік ақпараты Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті қолдану: Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) > Просмотреть информацию о гарантии (Кепілдік туралы ақпарат көру) пəрмендерін таңдаңыз. – немесе – Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > Документация HP (НР құжаттамасы) > Просмотреть информацию о гарантии (Кепілдік туралы ақпарат көру) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – http://www.
2 6 Компьютермен танысу ● Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ● Алдыңғы жағы ● Оң жақ ● Сол жақ ● Дисплей ● Артқы көрінісі ● Астыңғы жағы Бап 2 Компьютермен танысу
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. (2) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (3) сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (2) Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Ақ: сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Ақ: саусақ ізі оқылды. ● Сары: саусақ ізі оқылмады.
Түймешіктер, үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік 10 Сипаттама (3) Веб-шолғыш түймешігі Əдепкі веб-шолғышты ашады. (4) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөз арқылы кірудің орнына, Windows жүйесіне саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі num lk, b немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді.
Бөлік (4) Сипаттама b пернесі Beats Audio төменгі жиілік параметрлерін жоғарылатады немесе азайтады (тек таңдаулы үлгілерде). Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін жетілдірілген дыбыс профилі. Beats Audio əдепкі параметрлер бойынша қосылған. Төменгі жиілік параметрлерін Windows амалдық жүйесі арқылы да көруге немесе басқаруға болады.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) Сипаттама Сандық медиа ұясы HP QuickWeb (тек таңдаулы үлгілерде) Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды: ● Secure Digital (SD) жад картасы ● Сыйымдылығы кеңейтілген қауіпсіз сандық (SDхC) жад картасы ● Сыйымдылығы жоғары қауіпсіз сандық (SDHC) жад картасы ● Ultra High Speed MultiMediaCard (UHS/MMC) Дыбыс шығарады.
Оң жақ Бөлік Сипаттама (1) Оптикалық диск жетегі Оптикалық дискіні (тек таңдаулы үлгілерде) оқиды жəне жазады. (2) Оптикалық диск жетегінің шамы ● Жасыл: Оптикалық жинақтағыш диск ашылуда. ● Өшірулі: Оптикалық диск жетегі өшірулі. (3) Оптикалық диск жетегін шығару түймешігі Оптикалық диск жетегін шығарады. (4) Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Бөлік (8) (9) Сипаттама Батарея шамы Қуат қосқышы ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея толық зарядталған. ● Сары: батарея зарядталуда. ● Сары түсте жыпылықтау: батарея заряды өте төмен немесе батарея жұмысында ақаулық пайда болды. Батарея заряды өте төмен деңгейге жеткен кезде батарея шамы жиі-жиі жыпылықтай бастайды. Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. (2) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазу. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданыста. (4) Веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. Веб-камераны пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > CyberLink YouCam > CyberLink YouCam пəрмендерін таңдаңыз. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстайды. (2) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны батарея ұясынан шығарады. (3) Желдеткіштер (6) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады.
3 Желі орнату ● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану ● Сымсыз желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: 20 ● Сымсыз – Интернетке мобильді жолмен қосылу үшін, сымсыз байланысты қолдануға болады. Бар WLAN желісіне қосылу 22-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 23-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөз береді.
Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Жаңа WLAN желісін орнату Қажетті жабдықтар: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2) ● Жаңа сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз. Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар ● Пернетақтаны пайдалану ● Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 25
Пернетақтаны пайдалану Əрекет пернелерін пайдалану Əрекет пернелері пернетақтаның үстіңгі жағындағы пернелерге тағайындалған арнайы əрекеттерді орындайды. f1 мен f4 жəне f6 мен f12 пернелеріндегі белгішелер əрекет перне функцияларын білдіреді. Əрекет пернесін пайдалану үшін, тағайындалған функцияны белсендіруге пернені басып ұстап тұрыңыз. ЕСКЕРІМ: Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылған. Бұл мүмкіндікті Setup Utility құралында ажыратуға болады.
Белгіше Перне Сипаттама f10 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша жоғарылатады. f11 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРІМ: Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды. Сымсыз қосылысты орнату үшін, сымсыз желі де орнатылуы қажет. Пернелер тіркесімдерін пайдалану Жылдам перне fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе b пернесінің (3) тіркесімі.
Функция Пернелер тіркесімі Сипаттама Жүйе ақпаратын көрсететеді. fn+esc Жүйенің аппараттық бөліктері жəне жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты көрсетеді. Төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін басқарады (тек таңдаулы үлгілерде). fn+b Beats Audio төменгі жиілік параметрлерін жоғарылатады немесе азайтады (тек таңдаулы үлгілерде). Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін жетілдірілген дыбыс профилі. Beats Audio əдепкі параметрлер бойынша қосылған.
(1) Бөлік Сипаттама num lk пернесі Ішкі сандық пернетақтада жылжу жəне санды функциялар арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді боп тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қосылып тұрады. (2) Кірістірілген сандық пернетақта Оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақтаның қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле бермейді. Қимылдың жұмысын көру үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1.
Жылжу Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады. Шымшу/масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
5 Күтім ● Батареяны салу жəне шығарып алу ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ● Жад модулін қосу немесе ауыстыру ● Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін: 1. Компьютерді төңкеріңіз де, батарея ұясын сізге қаратып, жалпақ бетке орналастырыңыз. 2. Батареяны (1) оның ұясының сыртқы жиегімен туралаңыз.
3. Батареяны (2) батарея ұясына нық отырғанша бұрыңыз. Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады. Батареяны шығарып алу үшін: ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Компьютерді тегіс жерде төңкеріңіз. 2.
3. Батареяны жоғары қарай бұрып (2), компьютерден шығарып алыңыз (3).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу 1.
9. Қатты дискіні (3) қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз. Қатты дискіні орнату 1. Қатты дискіні (1) диск салатын ұяға енгізіңіз. 2. Қатты дискінің 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз. 3. Қатты диск кабелін (3) компьютерге жалғаңыз. 4. Қатты диск қақпағын орнына салыңыз: a. Батарея орнын өзіңізге қаратып, қатты диск қақпағын (1) компьютер бетіне қарай 45 градуста қақпақтың артқы жағындағы ілгектер компьютердегі ұялармен сəйкестендіретіндей етіп орналастырыңыз.
b. Панельдің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, қатты диск қақпағын (2) орнына түскенше төмен қарай жайлап басыңыз. 5. Батареяны орнына салыңыз. 6. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 7. Компьютерді қосыңыз. Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде екі жад модулі ұясы бар. Жад модулі ұялары компьютер түбінде қатты диск қақпағының астында орналасқан.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2.
b. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), оны ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 8. Жаңа жад модулін енгізу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. a.
9. Қатты диск қақпағын орнына салу: a. Батарея орнын өзіңізге қаратып, қатты диск қақпағын (1) компьютер бетіне қарай 45 градуста қақпақтың артқы жағындағы ілгектер компьютердегі ұялармен сəйкестендіретіндей етіп орналастырыңыз. b. Панельдің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, қатты диск қақпағын (2) орнына түскенше төмен қарай жайлап басыңыз. 10. Батареяны орнына салыңыз. 11. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 12. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру ● Қалпына келтіру ● Қалпына келтіру медиасын жасау ● Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ● Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру Компьютерде амалдық жүйе жəне НР компаниясы ақпаратты қорғау жəне қажет болғанда қалпына келтіру үшін ұсынатын құралдар бар.
Қалпына келтіру Қатты диск ақаулығының жағдайында жүйені зауыттық кескінге дейін қалпына келтіру үшін, қалпына келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-дискісі қажет болады, олардың екеуін HP Recovery Manager арқылы жасауға болады. HP компаниясы бағдарламалық құрал орнатылғаннан кейін аталған бағдарламалық құралды қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасау үшін пайдалануды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық диск жетегіне салмай тұрып нөмірлеңіз. ● Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына келтіру флэш-дискісінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан шыға аласыз. Келесі рет Recovery Manager бағдарламасы ашылған кезде сізге сақтық көшірмені жасау үрдісін жалғастыру ұсынылады. Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасау үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1.
Қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру (тек таңдаулы модельдерде) Қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру кезінде, суреттер, музыка, аудио мен бейне файлдар, фильмдер, жазылған ТД бағдарламалары, құжаттар, электрондық кестелер, көрсетілімдер, электрондық пошта хабарламалары, Интернет таңдаулылары мен параметрлерінің сақтық көшірмелерін жасауға мүмкіндік бар. Компьютерді қалпына келтіру бөлімінен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Қалпына келтіру медиасынан қалпына келтіру 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне енгізіңіз, одан кейін компьютерде қайта бастаңыз. – немесе – Қалпына келтіру флэш-дискісін компьютердегі USB портына енгізіп, компьютерді қайта бастаңыз.
Компьютерді бастау ретін өзгерту Қалпына келтіру дискілерін бастау ретін өзгерту үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1. Компьютерді қайта бастаңыз. 2. Компьютер басталып тұрғанда esc пернесін басыңыз, одан кейін бастау мүмкіндіктерін ашу үшін, f9 пернесін басыңыз. 3. Бастау мүмкіндіктері терезесінен Внутренний CD/DVD ROM диск (Ішкі CD/DVD ROM дискісі) тармағын таңдаңыз. Қалпына келтіру флэш-дискісін бастау ретін өзгерту үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1. Флэш-дискіні USB портына енгізіңіз. 2.
Нұсқаулар: ● Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows® жүйесін қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану арқылы жасаңыз жəне оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы қатты дискіге жүйелі түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану туралы қосымша ақпаратты Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану 50-бетте бөлімінен қараңыз. ● Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз.
Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі қатты дискінің суретін белгілі бір сəтте сақтауға жəне атын беруге мүмкіндік береді. Егер енгізілген өзгертулердің күшін болдырмауды қаласаңыз, осы нүктеге дейін қалпына келтіре аласыз. ЕСКЕРІМ: Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі соңғы рет жасалғаннан бері сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық пошта хабарламаларына əсер етпейді.
7 Тұтынушыларды қолдау ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар 51
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP тұтынушыларды қолдау орталығына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: http://www.hp.com/go/contactHP ЕСКЕРІМ: Бүкіл əлем бойынша қолдау алу үшін беттің сол жағындағы Contact HP worldwide (HP компаниясымен бүкіл əлем бойынша хабарласу) тармағын таңдаңыз немесе http://welcome.hp.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмірінің жапсырмасы — маңызды ақпарат береді, оның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірінің жапсырмасы компьютердің астында орналасады.
8 54 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Бап 8 Техникалық сипаттамасы
Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Ауыспалы ток қуат көзі 100–240 В, 50–60 Гц болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Пайдалануға болмайтын -20°C пен 60°C арасында -4°F пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Пайдалануға болмайтын 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут
Индекс А амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 53 Өнім кілті 53 аудио кіріс (микрофон) ұясы 16 аудио шығыс (гарнитура) ұялары 16 бөліктер алдыңғы жағы 13 артқы 18 астыңғы 19 дисплей 17 жоғарғы жағы 7 оң жақ 14 сол жақ 16 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жолшық немесе бөлім 26 Анықтама жəне қолдау орталығы 26 анықтау 12 дыбыс деңгейін жоғарылату 27 дыбыс деңгейін төмендету 26 дыбысты өшіру 27 келесі жолшық 26 ойнату, тоқтата тұру, жалғастыру 26 сымсыз байланыс 27 экран жарықтығын аз
қолдау көрсетілетін дискілер қосқыш, қуат 15 қуат қосқышы, анықтау 15 қуат түймешігі, анықтау 9 қуат шамы, анықтау 8, 14 44 М меңзегіш құрылғы, параметрлерді орнату 29 Н нормативтік ақпарат нормативтік ақпараты бар жапсырма 53 сымсыз куəландыру белгілері 53 О оптикалық диск жетегі, анықтау 14 оптикалық диск жетегін шығару түймешігі, анықтау 14 оптикалық диск жетегінің шамы, анықтау 14 Ө өнім аты жəне нөмірі, компьютер 53 өнім кілті 53 П пернелер esc 11 fn 11 num lk 12 Windows қолданбалары 12 Windows логот
E esc пернесі, анықтау 11 F f11 46 fn пернесі, анықтау 11, 27 H HDMI порты, анықтау 16 M Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 53 N num lk пернесі, анықтау 12, 29 R Recovery Manager 45 RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 16 U USB порттары, анықтау 14, 16 W Windows қолданбалар пернесі, анықтау 12 Windows логотипі бар перне, анықтау 11 WLAN қорғау 24 қосылу 22 WLAN антенналары, анықтау 17 WLAN жапсырмасы 53 WLAN жүйесін орнату 23 WLAN құрылғысы 53 Индекс 59