The first working HP Laptop - Windows 7

Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін:
Сериялық нөмір жапсырмасымыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды:
Бөлік
(1) Өнім атауы
(2) Сериялық нөмірі (s/n)
(3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n)
(4) Кепілдік мерзімі
(5) Модель сипаттамасы
Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет.
Сериялық нөмірі бар жапсырма батарея ұясында орналасады.
Техникалық деректер жапсырмасыкомпьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
Техникалық деректер жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
Сымсыз куəландыру белгісі немесе белгілер (таңдаулы үлгілерде ғана) - қосымша сымсыз
құрылғылар туралы жəне құрылғылар қолдану үшін бекітілген кейбір
мемлекеттер мен
аймақтардың мақұлдау таңбаларын береді. Компьютер үлгісінде бір немесе бірнеше
сымсыз құрылғы болса, куəлік беру жөніндегі бір немесе бірнеше жапсырма компьютермен
бірге жеткізіледі. Бұл ақпарат шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Сымсыз
куəлік беру жөніндегі жапсырмалар батарея орнында орналасқан.
Microsoft® жүйесінің түпнұсқалық туралы куəлігі—Windows өнім кілті туралы ақпаратты
қамтиды. Өнім кілті амалдық
жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы
мүмкін. Microsoft жүйесінің түпнұсқалық туралы куəлігі компьютердің түбінде орналасқан.
40 Бап 7 Тұтынушыларды қолдау