The first working HP Laptop - Windows 7

Бастапқы қалпына келтіру нүктелерін жасау уақыты
Жабдықты немесе бағдарламалық құралдарды қоспас немесе толық түрде өзгертпес
бұрын
Мерзімді түрде, компьютер тиімді түрде жұмыс істеп отырған кезде
ЕСКЕРІМ: Егер жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтарып, одан кейін шешіміңізді
өзгертсеңіз, қалпына келтірудің күшін жоюға болады.
Жүйені қалпына келтіру нүктесін жасау
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ аумақта Защита системы (Жүйені қорғау) параметрін таңдаңыз.
3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын нұқыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күнге жəне уақытқа дейін қалпына келтіру
Бастапқы қалпына келтіру нүктесіне (алдыңғы күні мен уақытта жасалған) компьютер тиімді
түрде жұмыс істеген кезде қайтару үшін төмендегі қадамдар орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ аумақта Защита системы (Жүйені қорғау) тапсырмасын таңдаңыз.
3. Защита системы
(Жүйені қорғау) қойындысын нұқыңыз.
4. Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру) түймешігін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
38 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру