The first working HP Laptop - Windows 7

Нұсқаулар:
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows жүйесін қалпына келтіру мүмкіндігін
пайдалану арқылы жасаңыз жəне оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы қатты дискіге
жүйелі түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану туралы
қосымша ақпаратты
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану 37-бетте
бөлімінен қараңыз.
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін
жүйелі түрде жасаңыз.
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында теңшелетін параметрлерді олардың экран
суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
мүмкіндігін пайдалану
Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралы жеке файлдардың
немесе бүкіл компьютер кескінінің сақтық көшірмелерін жасауға мүмкіндік береді.
Нұсқаулар:
Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғандығын тексеріңіз.
Сақтық көшірме жасау үрдісін аяқтауға қажет уақыт беріңіз. Файлдар өлшемдеріне
байланысты оған бір сағаттай уақыт алуы мүмкін.
Сақтық көшірме
жасау үшін
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме
жасау жəне қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме жасалуын жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін пайдаланушы жазбасын
басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін, рұқсатыңыз немесе
құпия сөзіңіз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты Анықтама жəне қолдау орталығынан
қараңыз.
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі қатты дискінің суретін белгілі бір сəтте сақтауға жəне
атын беруге мүмкіндік береді. Егер енгізілген өзгертулердің күшін болдырмауды қаласаңыз,
осы нүктеге дейін қалпына келтіре аласыз.
ЕСКЕРІМ: Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі
соңғы рет жасалғаннан бері сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық
пошта хабарламаларына əсер етпейді.
Сонымен қатар, файлдар мен параметрлерді жоғары деңгейде қорғау үшін бастапқы қалпына
келтірудің қосымша нүктелерін жасай аласыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 37