The first working HP Laptop - Windows 7

Қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру (тек таңдаулы
үлгілерде)
Кейбір үлгілерде, қатты дискідегі бөлімнен қалпына келтіруді орындау үшін Пуск (Бастау)
түймешігін немесе f11 пернесін басыңыз. Бұл қалпына келтіру түрі арқылы компьютер қалпына
келтіру дискілерін пайдаланбай оның зауыттық күйіне келтіріледі.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
Пуск (Бастау)> Все программы (Барлық бағдарламалар
)> Recovery
Manager (Қалпына келтіруді реттеуші) > Recovery Manager (Қалпына келтіруді
реттеуші) тармақтарын таңдаңыз.
немесе
Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабарламасы бейнеленгенде esc пернесін басыңыз. «F11 (HP Recovery)» хабары
экранда көрсетілгенде f11 пернесін басыңыз.
2. Recovery Manager терезесінде Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру)
параметрін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін пайдалану арқылы қалпына келтіру
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне енгізіп,
компьютерді қайта бастаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Ағымдағы сақтық көшірменің жасалуын қатамасыз ету үшін компьютердегі файлдардың сақтық
көшірмелерін жүйелі түрде жасап отыру қажет. Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы
қатты диск, желілік диск немесе дискілерде жасауға болады. Мына жағдайларда жүйенің
сақтық көшірмесін жасаңыз:
Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
ЕСКЕРІМ: Мəліметтердің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасау үшін еске салғышты
орнатыңыз.
Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе өзгертпес бұрын
36 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру