The first working HP Laptop - Windows 7

дискілерін жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін
жасаңыз.
Бұл дискілерді қолданғанда сақ болыңыз да, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бағдарламалық
құрал қалпына келтіру дискілерінің бір жинағын ғана жасауға мүмкіндік береді.
Нұсқаулар:
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, BD-R (жазуға арналған Blu-ray) дискілері немесе CD-R
дискілерін сатып алыңыз. Ықшам дискілермен салыстырғанда, DVD жəне BD дискілерінің
жад сыйымдылығы жоғары. Ықшам
дискілерді пайдалансаңыз, 20-ға жуық дискі қажет
болуы мүмкін, алайда тек бірнеше DVD немесе BD дискісі ғана қажет.
ЕСКЕРІМ: CD-RW, DVD±RW дискілері сияқты жазуға жəне қайта жазуға арналған
дискілер, қос қабатты DVD±RW дискілері жəне BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray)
дискілері Recovery Manager бағдарламалық жасақтамасымен сыйымды емес.
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы қажет.
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады.
Əр дискіні оптикалық дискіенгізгіге енгізбес бұрын нөмірлеңіз.
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан
шыға аласыз. Келесі рет Recovery Manager бағдарламасы ашылған кезде сізге дискілерді
жасау үрдісін
жалғастыру ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын жасау үшін
1. Пуск (Бастау)> Все программы (Барлық бағдарламалар)> Recovery Manager >
Создание диска восстановления (Қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын
таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді. Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі арнайы
қалпына келтіру бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қалпына келтіру дискілерінен
жұмыс істейді.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз:
Бұрын сақтық көшірме жасалған файлдарды ғана қалпына келтіре аласыз. НР компаниясы
компьютеріңізді орнатқаннан кейін қалпына
келтіру дискілерінің жиынын (бүкіл дискінің
сақтық көшірмесін) жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламасын пайдалануды
ұсынады.
Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар. Егер бұл
мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз, Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын
оларды сынап көріңіз.
Recovery Manager құралы зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды
ғана қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан
жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен
дискіден қайта орнату қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 35