The first working HP Laptop - Windows 7
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
●
Қалпына келтіру дискілері
●
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. НР компаниясы бағдарламаны орнатқаннан кейін дереу қалпына келтіру
дискісін жасауды ұсынады. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең
соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде
жасауды жалғастыру қажет.
Амалдық жүйенің құралдары жəне HP Recovery Manager бағдарламалық құралы
мəліметтеріңізді қорғау жəне компьютер ақаулығы орын алған жағдайда оларды қалпына
келтіру тапсырмаларын орындауға көмектесуге арналған:
●
Қалпына келтіру дискілерінің жиынын жасау (Recovery Manager бағдарламасының
мүмкіндігі)
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
●
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
●
Бүкіл жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен немесе
қалпына келтіру
дискілерінен)
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі компьютерде болмаса,
жеткізіледі. Бұл дискілерді амалдық жүйені жəне бағдарламалық құралдарды қалпына
келтіру үшін пайдаланыңыз. Қалпына келтіру бөлімінің бар екенін тексеру үшін Пуск
(Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып,
Управление (Басқару) пəрменін таңдаңыз, одан кейін Управление дисками (Дискілерді
басқару) тармағын нұқыңыз
. Егер қалпына келтіру бөлімі бар болса, HP қалпына келтіру
дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
Қалпына келтіру дискілері
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына
келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре алуға сенімді болуыңыз үшін қалпына келтіру
34 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру