The first working HP Laptop - Windows 7
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде ең соңғы нұсқаларға дейін
жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін
тіркелу қажет.
Əдеттегі күтім
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған
сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.
Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы, талшықтарды қалдырмайтын
матамен жүйелі түрде тазалаңыз. Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала
суланған антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған антистатикалық
тазалағышты пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны жəне пернетақтаны тазалау
Сенсорлы тақтадағы кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына əкеліп соғуы мүмкін.
Көрсеткінің экранда тəртіпсіз жылжуына жол бермеу үшін сенсорлы тақтаны сулы матамен
тазалаңыз жəне компьютерді пайдаланған кезде қолдарыңызды жүйелі түрде жуыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы немесе ішкі бөліктерге зиян келтіру қаупін азайту
үшін пернетақтаны тазалауға шаңсорғыш бөліктерін пайдаланбаңыз. Шаңсорғышпен
тазалағаннан кейін пернетақта бетінде шаң қалуы мүмкін.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне шаң мен пернелердің
астында қалатын басқа да заттарды əрқашан тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен
астында орналасқан шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 33