The first working HP Laptop - Windows 7
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде оның астыңғы жағында орналасқан бір жад модулінің бөлімі болады.
Компьютердің жад сыйымдылығын бос кеңейту жад модулінің ұясына жад модулін қосу немесе
бастапқы жад модулінің ұясындағы бар жад модулін жетілдіру арқылы кеңейтуге болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық разряд (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна теңшелімін пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей болуын тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
3. Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
5. Компьютерді қатты жерде төңкеріңіз.
6.
Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
7. Жад модулі бөлімінің бұрандаларын босатыңыз (1).
8. Жад модулі бөлімінің қақпағын компьютерден алыс көтеріңіз (2).
30 Бап 5 Күтім