The first working HP Laptop - Windows 7
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
5. Компьютерді қатты жерде төңкеріңіз.
6. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
7. Өзіңіз жақтағы қатты диск ұясымен қатты диск қақпағының екі бұрандасын (1) босатыңыз.
8. Қатты диск қақпағының (2) сол
жағын көтеріңіз, одан кейін қақпақты жоғарыға көтеріп, сол
жаққа (3) жылжытыңыз да, алыңыз.
9. Қатты дискіні компьютерге бекітетін үш бұранданы (1) алып тастаңыз.
10. Қатты дискідегі ілгектерді (2) ұстап, қатты дискінің кабелін (3) жүйелік тақтадан
ажыратыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 27