The first working HP Laptop - Windows 7

Шымшу/Ұлғайту
Шымшу іс-қимылы суретті немесе мəтінді ірілеу не кішілеу мүмкіндігін береді.
Ірілеу үшін екі саусақты қысып, сенсорлы тақтаға орналастырып, одан кейін оларды жан-
жаққа жылжытыңыз.
Кішілеу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаға жан-жақта орналастырып, одан кейін оларды
қысыңыз.
Бұру
Бұру əрекеті суреттер сияқты элементтерді бұру мүмкіндігін береді. Бұру үшін сол сұқ саусақты
сенсорлы тақтаның аймағына орналастырыңыз. Сағат 12-ден сағат 3-ке дейін жылжи отырып,
оң сұқ саусақты панельде орналастырылған саусақтың айналасында жылжытыңыз. Бұру
əрекетін кері бағытпен орындау үшін оң сұқ саусағыңызды сағат 3-тен сағат 12-ге дейін
жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұру əрекеті сенсорлы тақтаның аймағында ғана орындалуы тиіс.
24 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар