The first working HP Laptop - Windows 7

Сенсорлы тақтаның іс-қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақтаның бірқатар іс-қимылдары жұмыс істейді, олар əдепкі параметрлер бойынша
зауытта ажыратылады. Сенсорлы тақтаның іс-қимылдарын белсендіру үшін, сенсорлы тақтада
екі бармақты төмендегі бөлімдерде сипатталғандай орналастырыңыз.
Сенсорлы тақтаның іс-қимылдарын ажырату немесе қосу үшін
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Synaptics
белгішесін нұқыңыз.
2. Отключить жесты (Іс-қимылдарды ажырату) құсбелгісін қойыңыз немесе алып тастаңыз.
3. Арнайы іс-қимылды қосу немесе ажырату үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления
(Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппарат жəне дыбыс) > Мышь (Тінтуір) >
Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) > Параметры (Параметрлер)
тармақтарын таңдап, қосылатын немесе ажыратылатын іс
-қимылдың жанына құсбелгіні
қойыңыз немесе оны алып тастаңыз.
Жылжу
Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде
қажет əрекет. Жылжу үшін екі бармақты сенсорлы тақтада жан-жаққа орналастырып, одан кейін
оларды сенсорлы тақтада жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 23