The first working HP Laptop - Windows 7
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғының таңдаулы параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді теңшеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына кіру үшін Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармақтарын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып келетін құрылғыны
тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін
таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны пайдалану
Көрсеткіні жылжыту үшін бір бармақты сенсорлы тақтада көрсеткіні жылжытқыңыз келген
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақтаның тігінен айналдыру аймағын
қолданып жоғары жəне төмен айналдыру үшін, жолақтар бойынша саусағыңызды жоғары не
төмен сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Меңзерді жылжыту үшін сенсорлы тақтаны пайдалансаңыз, айналдыру аймағында
оны жылжытпас бұрын, сенсорлы тақтадан саусағыңызды алу қажет. Саусақты сенсорлы
тақтадан айналдыру аймағына жайлап сырғыту айналдыру функциясын белсендірмейді.
Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру
Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру үшін, Сенсорлы тақтаны өшіру көрсеткішін екі рет тез
түртіңіз. Сенсорлы тақтаның шамы сары түсті болған кезде, сенсорлы тақта өшірулі болады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 21