The first working HP Laptop - Windows 7

Функция Əрекет пернесі немесе жылдам перне
Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер
үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау орталығын ашу үшін, f1
пернесін басыңыз. Анықтама жəне қолдау орталығы да компьютер жұмысын тексерулерді,
автоматты жəне бірлесіп əрекет ететін ақаулықтарды жою, шешімдерді түзету, жүйені
қалпына келтіру үрдістері мен қолдау орталығына сілтемелерді береді.
Экранның жарықтық деңгейін қадамдар бойынша кішірейту үшін f2 пернесін басып ұстап
тұрыңыз.
Экранның жарықтық деңгейін қадамдар бойынша ұлғайту үшін, f3 пернесін басып ұстап
тұрыңыз.
Компьютерге қосылған дисплей құрылғыларының арасында экран кескінін ауыстырып қосу
үшін, f4 пернесін басыңыз. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне
басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. f4 пернесі компьютерден бейне ақпаратын
қабылдайтын
басқа да құрылғылар арасында кескіндерді ауыстырып көрсете алады.
Ықшам дискінің алдыңғы жолшығын, DVD немесе BD дискісінің алдыңғы бөлімін ойнату үшін,
f5 пернесін басыңыз.
Аудио ықшам дискісінің жолшығын, DVD немесе BD дискісінің бөлімін ойнату үшін, f6 пернесін
басыңыз.
Ықшам дискісі, DVD немесе BD дискісін ойнатуды тоқтату үшін, f7 пернесін басыңыз.
Аудио ықшам дискісінің келесі жолшығын немесе DVD не BD дискісінің келесі бөлімін ойнату
үшін, f8 пернесін басыңыз.
Үндеткіш дыбысын қадам бойынша төмендету үшін, f9 пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
Үндеткіш дыбысын қадам бойынша жоғарылату үшін, f10 пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
Үндеткіш дыбысын өшіру немесе қайта қалпына келтіру үшін, f11 пернесін басыңыз.
Сымсыз мүмкіндікті қосу немесе өшіру үшін, f12 пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды. Сымсыз қосылысты орнату үшін,
сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Қолданбаны жылдам іске қосу пернелерін пайдалану туралы ақпарат алу үшін
Пернелер 8-бетте бөліміндегі (2) мен (6) аралығындағы нұсқауларды қараңыз.
20 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар