The first working HP Laptop - Windows 7

Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат
алу үшін Справочное руководство ноутбука НР (НР ноутбугы үшін анықтамалық
нұсқаулықтан), анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен жəне
берілген мəліметтерден қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғысының қосылғанын тексеріңіз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан желі
белгішесін нұқыңыз.
4. Қажет желіні таңдаңыз.
5. Подключение (Қосылу) түймешігін басыңыз.
6. Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажет жабдық:
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет қызметі провайдерінен
сатып алынған жылдамдығы жоғары Интернет қызметі
Сымсыз жол жоспарлағышы (бөлек сатылады) (2)
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет қызметі
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз қосылысты орнату кезінде компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышының
қадамдастырылғанын тексеріңіз. Компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышын қадамдастыру
үшін, компьютерді жəне сымсыз жол жоспарлағышын өшіріп, қайта қосыңыз.
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Бұл желі құрылғыларының саны ұлғая түскенде, Интернетке кіретін қосымша сымсыз жəне
сымды компьютерлерді желіге қосуға болады.
Сымсыз желіге қосылу 17