The first working HP Laptop - Windows 7

Интернет қызметі провайдері (ISP)
Интернетке қосылмас бұрын ISP есептік жазбасын ұйымдастыру қажет. Жергілікті Интернет
қызметі провайдеріне Интернет қызметі мен модемді сатып алуға хабарласыңыз. Интернет
қызметі провайдері модемді орнатуға, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желілік кабельді
өткізуге жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет қызметі провайдері Интернетке кіруге пайдаланушының коды мен құпия
сөзін береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Мына мүмкіндіктер жаңа Интернет есептік жазбасын орнатуға немесе компьютерді бұрыннан
бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп теңшеуге көмектеседі:
Internet Services & Offers (Интернет қызметтері мен ұсыныстары) (кейбір орындарда
қолданылады) - Осы қызметтік бағдарлама жаңа Интернет есептік жазбасын жасауға жəне
компьютерді бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп теңшеуге көмектеседі. Бұл
утилитаны пайдалану үшін Пуск (Бастау)> Все программы (Барлық
бағдарламалар)>
Интернет-службы (Интернет қызметтері)> Интернет (Интернетке кіру) тармақтарын
таңдаңыз.
ISP ұсынатын белгішелер (кейбір орындарда қолданылады) - Бұл белгішелер
Windows жүйесінің жұмыс үстелінде бір-бірден немесе Интернет службы (Интернет
қызметтері) атты жұмыс үстеліндегі қалтада топта орналасуы мүмкін. Жаңа Интернет
есептік жазбасын жасау жəне компьютерді бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп
теңшеу үшін белгішені екі
рет нұқыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шебері—Windows жүйесінің Интернетке қосылу
шеберін Интернетке төмендегі жағдайлардың кез келгенінде қосылу үшін пайдалануға
болады:
Интернет қызметі провайдері тіркеген есептік жазбаңыз бар болған жағдайда.
Интернет есептік жазбасы болмаған жəне Интернет қызметі провайдері шебердегі
тізімнен таңдағыңыз келген жағдайда. (Интернет қызметі провайдерлерінің тізімі
барлық аймақтарда көрсетілмеуі мүмкін).
Тізімде жоқ Интернет қызметі провайдері таңдалған жағдайда жəне таңдалған
Интернет қызметі провайдері IP мекенжайы, сондай-ақ POP3 жəне SMTP
параметрлері сияқты қажетті ақпарат берген жағдайда.
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шеберіне жəне шеберді пайдалану нұсқауларына
кіру үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдап,
одан кейін Поиск (Іздеу)
жолағында Мастер подключения к Интернету (Интернетке
қосылу шебері) деген сөздерді теріңіз.
ЕСКЕРІМ: Шебер Windows желіаралық қалқанын қосу немесе ажыратуды таңдауыңызды
сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютеріңізде мына сымсыз құрылғы бар болуы мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
16 Бап 3 Желіге қосылу