Алғашқы жұмыс HP Ноутбугы
© Copyright 2010 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth белгісі – Hewlett-Packard Company компаниясының лицензия бойынша пайдаланатын сəйкес иесінің сауда белгісі. Windows жəне Windows Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ мемлекетінде тіркелген сауда белгілері. Осы құжат қамтитын ақпарат алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. НР өнімдері мен қызметтеріне барлық кепілдіктер аталған өнімдер мен қызметтерге тіркелетін осы кепілдіктер туралы анықтамаларда белгіленген.
Қауіпсіздік ескертпелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Күйіп қалу қатерін азайту жəне компьютерді қызып кетуден сақтау үшін, оны тізеге қоймаңыз немесе ауа желдеткішінің саңылауларын бітемеңіз. Компьютерді тек қатты жəне тегіс бетте пайдаланыңыз. Жақын жерде тұрған принтер сияқты қатты заттардың немесе жастық, кілем не киім сияқты жұмсақ заттардың ауа келу жолдарын бітеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік ескертпелері
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарғы жағындағы .................
Жылжу ............................................................................................. 23 Шымшу/Ұлғайту ............................................................................... 24 Бұру .................................................................................................. 24 5 Күтім .............................................................................................................................................................. 25 Батарея салу немесе алып тастау ...
1 Қош келдіңіз ● Ақпаратты табу Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асыру маңызды: ● Интернетке қосылу—Сымды немесе сымсыз желіні Интернетке қосылатындай етіп баптау үшін қолданылады. Қосымша ақпарат алу үшін Желіге қосылу 15-бетте атты бөлімді қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту—компьютерді вирустар келтіретін зияннан қорғау үшін қолданылады. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да, тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Жылдам орнату постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анақтау туралы HP ноутбугы үшін анықтамалық нұсқаулық ● Қуат басқару мүмкіндіктері Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат Бұл веб-торапқа http://www.hp.com/support мекенжайы бойынша өтіңіз. ● Бөлшектерге тапсырыс беру жəне қосымша анықтама алу ● Бағдарламалық құрал, драйвер жəне BIOS (Setup Utility) жаңартулары ● Құрылғы үшін қолданылатын керек-жарақтар Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > HP Warranty (HP Кепілдігі) пəрмендерін таңдаңыз.
2 4 Компьютермен танысу ● Жоғарғы жағындағы ● Оң жағындағы ● Сол жағындағы ● Дисплей ● Сымсыз антенналар ● Түбіндегі ● Қосымша жабдық Бап 2 Компьютермен танысу
Жоғарғы жағындағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта шамы Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру үшін, сенсорлы тақтаның шамын екі рет тез түртіңіз. ● Өшірулі: Сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: Сенсорлы тақта өшірулі. (2) Сенсорлы тақтаның аймағы* Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе белсендіреді. (3) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі* Сыртқы тінтуірдегі сол жақ түймешігінің орындалатын функцияларды жүзеге асыру үшін сенсорлы тақтаның сол жағын басыңыз.
Бөлік (1) Сенсорлы тақта шамы ● Өшірулі: Сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: Сенсорлы тақта өшірулі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Қуат шамы ● Қосулы: Компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: Компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: Компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы: ● Сары: Сымсыз құрылғылар өшірулі.
Түймешік пен үндеткіштер ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) Үндеткіш грилі Кірістірілген екі үндеткіш дыбыс шығарады. (2) Қуат түймешігі* ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Электрондық пошта хабарламасын жіберу пернесі Жаңа электрондық пошта сеансын əдепкі электрондық пошта клиентінде ашады. (3) Медиа қолданбасы пернесі CyberLink PowerDVD қолданбасын іске қосады. (4) Веб-шолғыш пернесі Əдепкі веб-күнтізбені іске қосу.
Оң жағындағы ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) Оптикалық жинақтағыш диск (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық жинақтағыш дискіні оқиды жəне жазады. (2) Оптикалық жинақтағыш диск шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Жыпылықтау: Оптикалық жинақтағыш диск ашылуда. (3) USB порты Қосымша USB құрылғысына қосылады. (4) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: Компьютер ұйқы режимінде. ● Ақ: Компьютер сыртқы қуатқа қосылды.
Сол жағындағы ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (2) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс істеу барысында ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты құбылыс. (3) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабельді қосады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) Ішкі микрофон (тек таңдаулы үлгілерде) Дыбысты жазады. (2) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейне жазады жəне суреттер түсіреді. (3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: Веб-камера қолданыста.
Сымсыз антенналар Компьютер моделінде бір немесе бірнеше құрылғылардан сигналдарды қабылдайтын екі антенна болады. Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. ЕСКЕРІМ: Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден (алдыңғы суретте көрсетілгендей) тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Түбіндегі Бөлік Сипаттама (1) Батарея орны Батареяны ұстайды. (2) Желдеткіш саңылаулары (4) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс істеу барысында ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты құбылыс. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны батарея ұясынан шығарады. (4) Жад модулі бөлімі Екі жад модулі ұясын қамтиды.
Қосымша жабдық Бөлік Сипаттама (1) Қуат шнуры* Айнымалы ток адаптерін айнымалы ток розеткасына қосады. (2) айнымалы ток адаптері Айнымалы ток қуатын тұрақты ток қуатына түрлендіреді. (3) Батарея* Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанбаған кезде, компьютерге қуат береді. *Түрлі елде жəне аймақта батареялардың жəне қуат шнурының көрінісі əртүрлі болады.
3 Желіге қосылу ● Интернет қызметі провайдері (ISP) ● Сымсыз желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютеріңіз төменде көрсетілген Интернетке кіру түрлерінің бірі не екеуін қолдауы мүмкін: ● Сымсыз—Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылымды пайдалана аласыз. Бар WLAN желісіне қосылу 17-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 17-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет қызметі провайдері (ISP) Интернетке қосылмас бұрын ISP есептік жазбасын ұйымдастыру қажет. Жергілікті Интернет қызметі провайдеріне Интернет қызметі мен модемді сатып алуға хабарласыңыз. Интернет қызметі провайдері модемді орнатуға, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желілік кабельді өткізуге жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметі провайдері Интернетке кіруге пайдаланушының коды мен құпия сөзін береді.
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін Справочное руководство ноутбука НР (НР ноутбугы үшін анықтамалық нұсқаулықтан), анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен жəне берілген мəліметтерден қараңыз. Бар WLAN желісіне қосылу 1. Компьютерді қосыңыз. 2. WLAN құрылғысының қосылғанын тексеріңіз. 3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан желі белгішесін нұқыңыз. 4. Қажет желіні таңдаңыз. 5.
Сымсыз жол жоспарлағышының параметрлерін реттеу Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағышы немесе Интернет қызметі провайдері (ISP) арқылы берілген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар ● Пернетақтаны пайдалану ● Меңзегіш құрылғыларды пайдалану Пернетақтаны пайдалану f1 мен f12 пернелеріндегі белгішелер əрекет перне функцияларын білдіреді. ЕСКЕРІМ: Қолданылатын бағдарламаға байланысты fn жəне əрекет пернелерінің бірін басу сол бағдарлама ішінде арнайы төте жазуды ашады. Əрекет пернесі мүмкіндігі зауытта қосылған. Егер бұл мүмкіндік Setup Utility құралында ажыратылса, тағайындалған функцияны іске қосу үшін fn жəне əрекет пернелерін басу қажет.
Функция Əрекет пернесі немесе жылдам перне Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау орталығын ашу үшін, f1 пернесін басыңыз. Анықтама жəне қолдау орталығы да компьютер жұмысын тексерулерді, автоматты жəне бірлесіп əрекет ететін ақаулықтарды жою, шешімдерді түзету, жүйені қалпына келтіру үрдістері мен қолдау орталығына сілтемелерді береді.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғының таңдаулы параметрлерін орнату Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш құрылғыларына арналған параметрлерді теңшеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін қолданыңыз.
Шарлау Көрсеткіні жылжыту үшін бір бармақты сенсорлы тақтада көрсеткіні жылжытқыңыз келген бағытқа жылжытыңыз. Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаның іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақтаның бірқатар іс-қимылдары жұмыс істейді, олар əдепкі параметрлер бойынша зауытта ажыратылады. Сенсорлы тақтаның іс-қимылдарын белсендіру үшін, сенсорлы тақтада екі бармақты төмендегі бөлімдерде сипатталғандай орналастырыңыз. Сенсорлы тақтаның іс-қимылдарын ажырату немесе қосу үшін 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Synaptics белгішесін нұқыңыз. 2.
Шымшу/Ұлғайту Шымшу іс-қимылы суретті немесе мəтінді ірілеу не кішілеу мүмкіндігін береді. ● Ірілеу үшін екі саусақты қысып, сенсорлы тақтаға орналастырып, одан кейін оларды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішілеу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаға жан-жақта орналастырып, одан кейін оларды қысыңыз. Бұру Бұру əрекеті суреттер сияқты элементтерді бұру мүмкіндігін береді. Бұру үшін сол сұқ саусақты сенсорлы тақтаның аймағына орналастырыңыз.
5 Күтім ● Батарея салу немесе алып тастау ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ● Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру ● Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ● Əдеттегі күтім Батарея салу немесе алып тастау ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты Справочное руководство НР ноутбука (HP ноутбугы үшін анықтамалық нұсқаулықтан) қараңыз. Батареяны салу үшін ▲ Батареяны (1) батареяның орнына (2) орналастырылғанша енгізіңіз.
ЕСКЕРТУ: Жалғыз қуат көзі болатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, жұмысыңызды сақтап, күту күйін қосыңыз немесе батареяны шығарып алмас бұрын, компьютерді Windows арқылы өшіріңіз. 26 1. Компьютерді төңкеріңіз де, батарея ұясын сізге қаратып, жалпақ бетке орналастырыңыз. 2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз 3. Батареяны (2) жоғары қарай бұрып, оны (3) компьютерден шығарып алыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні алу үшін 1.
11. Қатты дискіні (4) қатты диск ұясынан шығарып алыңыз. Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін 28 1. Қатты дискідегі ілгектерді (1) ұстап, қатты дискіні (2) қатты дискінің орнына енгізіп, оның орнына орналастырылғанына сенімді болу үшін қатты дискіні басыңыз. 2. Қатты дискінің кабелін (3) жүйелік тақтаға жалғап, оны компьютерге бекітетін үш бұранданы (4) олардың орындарына салыңыз. 3. Қатты диск қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралаңыз. 4. Қақпақты (2) жабыңыз.
5. Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды (3) бұрап қатайтыңыз. 6. Батареяны орнына салыңыз. 7. Компьютердің оң жағын жоғарыға қаратып аударыңыз. 8. Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 9. Компьютерді қосыңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру Компьютерде оның астыңғы жағында орналасқан бір жад модулінің бөлімі болады. Компьютердің жад сыйымдылығын бос кеңейту жад модулінің ұясына жад модулін қосу немесе бастапқы жад модулінің ұясындағы бар жад модулін жетілдіру арқылы кеңейтуге болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
9. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: a. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз. Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. b. Жад модулінің жиектерінен ұстап(2), оны ұясынан сыртқа жайлап тартыңыз. c. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық разряд өтпейтін контейнерге салыңыз. 10.
c. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. 11. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі кетікке туралаңыз. 12. Қақпақты (2) жабыңыз. 13. Жад модулі бөлімінің бұрандаларын қатайтыңыз (3). 14. Батареяны орнына салыңыз. 15. Компьютердің оң жағын жоғарыға қаратып аударыңыз. 16. Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 17. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде ең соңғы нұсқаларға дейін жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. Əдеттегі күтім Дисплейді тазалау ЕСКЕРТУ: Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру ● Қалпына келтіру дискілері ● Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ● Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. НР компаниясы бағдарламаны орнатқаннан кейін дереу қалпына келтіру дискісін жасауды ұсынады.
дискілерін жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін жасаңыз. Бұл дискілерді қолданғанда сақ болыңыз да, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бағдарламалық құрал қалпына келтіру дискілерінің бір жинағын ғана жасауға мүмкіндік береді. Нұсқаулар: ● Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, BD-R (жазуға арналған Blu-ray) дискілері немесе CD-R дискілерін сатып алыңыз. Ықшам дискілермен салыстырғанда, DVD жəне BD дискілерінің жад сыйымдылығы жоғары.
Қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір үлгілерде, қатты дискідегі бөлімнен қалпына келтіруді орындау үшін Пуск (Бастау) түймешігін немесе f11 пернесін басыңыз. Бұл қалпына келтіру түрі арқылы компьютер қалпына келтіру дискілерін пайдаланбай оның зауыттық күйіне келтіріледі. Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Нұсқаулар: ● Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows жүйесін қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану арқылы жасаңыз жəне оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы қатты дискіге жүйелі түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану туралы қосымша ақпаратты Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану 37-бетте бөлімінен қараңыз. ● Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз.
Бастапқы қалпына келтіру нүктелерін жасау уақыты ● Жабдықты немесе бағдарламалық құралдарды қоспас немесе толық түрде өзгертпес бұрын ● Мерзімді түрде, компьютер тиімді түрде жұмыс істеп отырған кезде ЕСКЕРІМ: Егер жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтарып, одан кейін шешіміңізді өзгертсеңіз, қалпына келтірудің күшін жоюға болады. Жүйені қалпына келтіру нүктесін жасау 1.
7 Тұтынушыларды қолдау ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Егер осы нұсқаулықта, HP ноутбугы үшін анықтамалық нұсқаулықта немесе анықтама жəне қолдау орталығында берілген ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, НР компаниясының тұтынушыларды қолдау қызметімен мына мекенжай бойынша байланысыңыз: http://www.hp.com/go/contactHP.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы—мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (s/n) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірі бар жапсырма батарея ұясында орналасады.
8 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер тұрақты ток қуатында жұмыс істейді, бұл қуатты айнымалы ток немесе тұрақты ток қуат көзі арқылы қамтамасыз етуге болады. Айнымалы ток көзінде 100-240 В, 50-60 Гц параметрлері болуы тиіс.
Пайдалануға болмайтын 5% бен 95% 5% бен 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) 42 Пайдалануға болатын -15 м мен 3 048 м -50 фут пен 10 000 фут Пайдалануға болмайтын -15 м мен 12 192 м -50 фут пен 40 000 фут Бап 8 Техникалық сипаттамасы
Индекс А Айнымалы ток адаптері, анықтау 14 Айнымалы ток адаптерінің шамы, анықтау 9 антенналар 12 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 10 аудио шығыс (гарнитура) ұясы, анықтау 10 Ə əрекет пернелері анықтау 8 Б бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру 34 бастапқы қалпына келтіру нүктелері 37 батарея, анықтау 14 батарея, ауыстыру 25 батареяны босату ысырмасы, анықтау 13 батарея орны, анықтау 13 батарея ұясы 40 бөліктер дисплей 11 жад модулі 13 жоғарғы жағындағы 5 қосымша жабдық 14 оң жағындағы 9 сол жағ
П пернелер esc 8 fn 8 Windows қолданбалары Windows логотипі 8 əрекет 8 порттар USB 9, 10 VGA 10 сыртқы монитор 10 8 С сақтық көшірме жасау жеке файлдар 37 теңшелетін терезе, құралдар тақтасы мен мəзір параметрлерінің сақтық көшірмесін жасау 37 Сенсорлы тақта аймағы 5 анықтау 5 пайдалану 5 түймешіктер 5 шамы 5, 6 Сенсорлы тақтаның бұру ісқимылы 24 Сенсорлы тақтаның жылжу ісқимылы 23 сенсорлы тақтаның ұлғайту ісқимылы 24 сенсорлы тақтаның шымшу ісқимылы 24 Сенсорлы тақтаның ісқимылдары бұру 24 жылжу 23 ұлға