HP Laptop Help Guide
Table Of Contents
- Кіріспе
- Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымсыз байланыс жасау
- WLAN желісін пайдалану
- HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
- GPS навигаторын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымды желіге қосылу
- Мультимедиа
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру
- Қуат параметрлерін орнату
- Батарея қуатын пайдалану
- Windows 7 амалдық жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бөлімінен батарея туралы ақ ...
- Windows 7 амалдық жүйесінде Батареяны тексеру құралын пайдалану
- Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
- Батарея зарядының біту уақытын арттыру
- Батареяның төмен деңгейлерін басқару
- Батареяның қуатын үнемдеу
- Батареяны сақтау
- Пайдаланылып болған батареяны жою
- Батареяны ауыстыру
- Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
- Графикалық режимдерді ауыстырып қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сыртқы карталар мен құрылғылар
- Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- USB құрылғысын пайдалану
- 1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
- Дискілер
- Қауіпсіздік
- Орнату бағдарламасы (BIOS)
- Компьютерді сапарға алып шығу
- Ақаулықтарды жою жолдары
- Электростатикалық ток соғу
- Индекс

BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе
қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Қорек сымын
айнымалы ток розеткасынан шығарып, қоректі компьютерден ажыратпаңыз.
Компьютерді өшірмеңіз немесе күту режимін қоспаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе
ажыратпаңыз.
1. Компьютерге бағдарламалық құрал жеткізетін HP веб-торабына кіріңіз:
Windows 7 амалдық жүйесінде — Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) > Maintain (Қызмет көрсету) тармақтарын таңдаңыз.
Windows XP амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) > Центр справки и поддержки (Анықтама
жəне қолдау) тармақтарын таңдап, бағдарламалық құралы жəне драйверлер жаңартуын
таңдаңыз.
2. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп
алынатын BIOS жаңарту файлдарына
қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз:
a. BIOS жаңартуы компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқа екендігін
анықтаңыз. Күні, аты немесе басқа таңба ескертуін жасаңыз. Осы мəлімет жаңарту
қатты дискіге жүктеп алынғаннан кейін орнын белгілеу үшін керек болуы мүмкін.
b. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңарту файлдары жүктеп алынатын қатты диск орнының жолын белгілеп
қойыңыз. Жаңарту бумасын орнатуға əзір болған кезде сол жолға кіруге керек болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының
жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен ақылдасыңыз.
BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда
көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы
қадамдарды орындаңыз:
1. Windows 7 амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) > Компьютер (Компьютер) тармақтарын
таңдау арқылы Windows Explorer бағдарламасын ашыңыз.
Windows XP амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) > Мой компьютер (Менің компьютерім)
тармақтарын таңдау арқылы Windows Explorer бағдарламасын ашыңыз.
2. Қатты
диск орнын тінтуірмен екі рет басыңыз. Əдетте қатты диск атауы Local Disk (C:)
болады.
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлдары бар қатты дискідегі
қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, filename.exe) екі рет басыңыз.
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
62 Бап 8 Орнату бағдарламасы (BIOS)