HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
8 Орнату бағдарламасы (BIOS)
Орнату бағдарламасы немесе BIOS (Негізгі енгізу/шығару жүйесі) жүйедегі барлық енгізу жəне
шығару құрылғыларының байланысын басқарады (диск жетегі, дисплей, пернетақта, тышқан
жəне басып шығарғыш секілді). Орнату бағдарламасының орнатылған перифириялы
құрылғылардың түрлеріне арналған параметрлері, компьютердің қосылу реті жəне жүйе жады
мен кеңейтілген жады бар
ЕСКЕРТУ: Орнтау бағдарламасына өзгертулер жасаған кезде сақ болыңыз. Қателер
компьютердің дұрыс жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін.
Орнату бағдарламасын іске қосу
ЕСКЕРІМ: Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Орнату бағадарламасына кіру
үшін қолдданылмайды.
Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Қосылу мəзірі көрсетілген кезде f10 пернесін
басыңыз.
Орнату бағдарламасын пайдалану
Орнату бағдарламасының тілін өзгерту
1. Орнату бағдарламасын іске қосу
2. Конфигурация системы (Жүйенің реттелген параметрлері) > Язык (Тіл) тармақтарын
таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
3. Тілді таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Таңдалған тілді растау туралы хабар көрсетілген кезде enter пернесін басыңыз.
5. Өзгерісті сақтап, орнату бағдарламасынан шығу
үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып,
Выход (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгерістерді сақтап, шығу) тармақтарын таңдаңыз,
одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгеріс дереу өз күшіне енеді.
Орнату бағдарламасының ішінде ауысу жəне таңдау
Орнату бағдарламасы Windows жүйесіне негізделмегендіктен, TouchPad мүмкіндігін
қолдамайды. Ауысу жəне таңдау пернелерді басу арқылы жасалады.
Мəзірді немесе мəзір элементін таңдау үшін көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз.
Тізімнен бір элементті таңдау немесе Қосу/Өшіру жолағы сияқты жолақты ауыстыру үшін
көрсеткі пернелерін немесе f5 жəне f6 пернелерін пайдаланыңыз.
Бір элементті таңдау үшін enter пернесін басыңыз.
Орнату
бағдарламасын іске қосу 59