HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
Бір құпия сөзді орнату бағдарламасы мен Windows қауіпсіздік мүмкіндігі үшін де пайдалануға
болады. Сонымен қатар, бір құпия сөзді бірнеше орнату бағдарламасы мүмкіндігі үшін
пайдалануға болады.
Экран сақтағышы құпия сөзі сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпарат алу үшін
Пуск (Бастау) > Центр справки и поддержки (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі Компьютер мазмұнын əкімші деңгейінде пайдалану
рұқсатын қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Бұл құпия сөзді Орнату бағдарламасының
мазмұнын ашу үшін пайдалануға болмайды.
Пайдаланушы құпия сөзі Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк
жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. Ол
сонымен қатар компьютер мазмұнын рұқсатсыз
пайдаланудан қорғайды жəне «Состояние сна» (Күту)
немесе «Гибернация» (Əрекетсіздік) күйінен шыққанда
енгізілу керек.
QuickLock (тек таңдаулы үлгілерде) Амалдық жүйеге кіру терезесін көрсету арқылы ақпаратты
қорғайды. Кіру терезесі көрсетілген кезде Windows
пайдаланушысының немесе əкімшісінің құпия сөзі
енгізілмегенше компьютерге кіру мүмкін емес.
Пайдаланушы немесе əкімшінің құпия сөзін енгізген соң,
мына қадамдарды орындаңыз:
1. QuickLock бағдарламалық құралын қосыңыз.
2. QuickLock бағдарламалық құралынан Windows
пайдалауны немесе əкімші құпия сөзін орнату арқылы
шығыңыз.
Орнату бағдарламасына құпия сөз қою
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі*
Орнату бағдарламасына рұқсатсыз кіруден қорғайды.
Бұл құпия сөз орнатылған соң, Орнату
бағдарламасына əрбір кірген сайын оны енгізіп отыру
керек.
ЕСКЕРТУ: Егер əкімші құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз,
Орнату бағдарламасына кіре алмайсыз.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін қосылғанда сұралатын
құпия сөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзі Windows амалдық
жүйесіндегі əкімші құпия сөзімен өзара алмастырылмайды
жəне қойылып, енгізіліп, өзгертіліп немесе жойылғаннан
кейін көрсетілмейді.
ЕСКЕРІМ: Құпия сөзді бірінші тексеру кезінде «Press the
ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз) хабары көрсетілгенше қосылғанда
сұралатын құпия сөзді енгізсеңіз, Орнату бағдарламасына
кіру үшін əкімші құпия сөзін енгізуіңіз керек.
54 Бап 7 Қауіпсіздік