HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Қажет бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қай портын қолдануды білу үшін өндіруші' нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін:
ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының
өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз.
2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне
қосыңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуатты емес сыртқы құрылғыны ажырату үшін оны өшіріңіз де, компьютерден ажыратыңыз.
Қуатты құрылғыны ажырату үшін оны өшіріңіз де, компьютерден ажыратыңыз, содан кейін қуат
сымын айнымалы ток көзінен суырыңыз.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынбалы сыртқы дискілер ақпаратты сақтау жəне табу мүмкіндігін кеңейтеді. USB дискісін
компьютердің USB портына жалғау арқылы қосуға болады.
ЕСКЕРІМ: HP сыртқы USB оптикалық дискісін компьютердің қуат берілетін USB портына қосу
керек.
USB дискісінің мынадай түрлері бар:
1,44 мегабайттық дискета салғыш
Қатты диск модулі (адаптері бар қатты диск)
Сыртқы оптикалық диск CD, DVD жəне Blu-ray)
MultiBay құрылғысы
Кеңейту портын пайдалану (тек таңдаулы модельдерде)
Кеңейту порты компьютермен қосымша порттар мен қосқыштарды пайдалануға болатындай
компьютерді қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысна қосады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің тек бір ғана кеңейту порты бар. 3-кеңейту порты деген ұғым кеңейту
портының түрін сипаттайды.
42 Бап 5 Сыртқы карталар мен құрылғылар