HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
ЕСКЕРТУ: Қосқыштардың зақымдану қаупін азайту үшін:
Компьютер картасын өте жай салыңыз.
Компьютер картасын пайдаланып жатқан кезде компьютерді жылжытпаңыз немесе
тасымалдамаңыз.
Компьютер картасы ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қосымшаны компьютерлік
картаны салмас бұрын алып тастау керек.
1. Компьютер картасын шығару түймешігін басыңыз (1).
Бұл əрекет түймешікті қосымшаны шығару күйіне дейін ұзартады.
2. Компьютер картасын шығару түймешігіін қосымшаны босату үшін басыңыз.
3. Қосымшаны ұядан суырып алыңыз (2).
Компьютер картасын салу үшін:
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал қосқышын компьютерге қаратыңыз.
2. Компьютер карта ұясына картаны салып, оны нық орналасқанша басыңыз.
Карта анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютер картасын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында
компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
ЕСКЕРІМ: Қуатты үнемдеу мақсатында компьютер картасын, оны пайдаланбаған кезде өшіріңіз
немесе шығарып тастаңыз.
34 Бап 5 Сыртқы карталар мен құрылғылар