HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
3. Картаны (1) ішке қарай басып, ұясынан (2) шығарып алыңыз.
немесе
Картаны ұядан суырып алыңыз.
Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютер карталары - көлемі төлем карталарындай PCMCIA (Жеке компьютер жад картасының
халықаралық қоғамдастығы) сипаттамаларына сəйкес келетін керек-жарақ болып табылады.
Компьютер карталарының ұыясы келесі компьютер карталарының түрлерін қолдайды:
32 биттік (CardBus) жəне 16 биттік компьютер карталары
I жəне II-түрлі компьютер карталары
ЕСКЕРІМ: Ұлғайтылған бейне жəне 12-V компьютерлык карталары қолданылмайды:
Компьютер карталарын конфигурациялау
Конфигурациялау кезінде басқа компьютер карталарының қолдауын жоғалтып алу қаупін азайту
үшін, тек құрылғыға қажетті бағдарламалық құралды орнатыңыз. Егер компьютер картасының
өндірушісі құрылғы драйверлерін орнатуды сұраса, мынаны жасаңыз:
Амалдық жүйеге тек құрылғы драйверлерін орнатыңыз.
Картаға қызмет көрсету, ұяға қызмет көрсету немесе компьютер картасының өндірушісі
беретін іске қосқыштар секілді бағдарламалық құралдарды орнатпаңыз.
Компьютер карталарын салу
ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы медиа карталардың зақымдануын болдырмау үшін,
ExpressCard картасын компьютерлік карта ұясына салмаңыз.
Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)33