HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуатына жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
Компьютер қосылмайды.
Экран қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Батареяны компьютерден шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
Егер қуат шамдары жанса, айнымалы
ток адаптері дұрыс жұмыс істеп тұр.
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Ауыстыратын айнымалы ток адаптерін алу туралы ақпарат алу үшін техникалық қолдау көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Графикалық режимдерді ауыстырып қосу (тек
таңдаулы үлгілерде)
Таңдаулы компьютерлер ауыспалы графикалық режимдермен жəне графикалық процессордың
екі режимімен жабдықталған. Айнымалы токтан батарея қуатын қосқан кезде компьютер
батареяның зарядын үнемдеу мақсатында компьютер өнімділігі жоғары режимді пайдаланудан
көбірек қуатты үнемдейтін режимді пайдалануға қосылады. Сондай-ақ, батарея зарядынан
айнымалы ток көзіне косқан кезде компьютер қайтадан өнімділігі жоғары режимге қосылады.
ЕСКЕРІМ: Кейбір кездері, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін жүйе режимдерді
ауыстыруға рұқсат бермеуі, немесе керісінше ауыстыруды сұрауы мүмкін. Сондай-ақ,
ауыстырмас бұрын барлық бағдарламаларды жабу керек болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: HDMI (тек таңдаулы үлгілерде) тек өнімділігі жоғары режимде жұмыс істейді. Қуатты
үнемдеу режимін пайдаланып жатқан болсаңыз, HDMI пайдалана алмайсыз.
Айнымалы ток пен батарея қуат ауыстырып қосқан кезде компьютердің графикалық режимдерді
қосқалы жатқанын байқауға болады. Керек болса, бір графикалық режимді пайдалануды
жалғастыру параметрін таңдауға болады. Компьютер режимдерді қосып жатқанда экран бірнеше
секундтай бос болады. Қосу əрекеті аяқталған кезде жүйенің хабарландыру аймағында
хабарландыру пайда болып, экрандық сурет қайтадан көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Таңдаулы компьютерлер икемді режимде тұрса, графикалық режимдерді ауыстырып
қосқан кезде экран бағыты қалпына келтіріледі.
Қай графикалық режим пайдаланып жатқанын анықтау үшін былай істеңіз:
Компьютер жұмыс үстеліндегі бір бос жерді тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Configure
Switchable Graphics (Ауыспалы графикалық режимдердің параметрлерін реттеу) немесе
Configure ATI PowerXpress™ (ATI PowerXpress™ режимінің параметрлерін реттеу)
тармағын таңдаңыз.
Графикалық режимдерді ауыстырып қосу (тек таңдаулы үлгілерде)31