HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу туралы ақпаратты компьютердің қорабында берілген
Жылдам орнату хабарландыруынан қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютер мен
бірге жабдықталған айнымалы ток адаптерін, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру айнымалы ток
адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді айнымалы ток адаптерін
пайдаланыңыз.
Төмендегі кез келген жағдайда компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақтың ішінде компьютердің батареясын зарядтамаңыз.
Батареяны зарядтау немесе тексеру кезінде
Жүйенің бағдарламалық құралын орнатқан немесе өзгерткен кезде.
CD, DVD немесе BD (тек таңдаулы үлгілерде) дискілеріне ақпаратты жазу кезінде
Дискіні дефрагментациялау құралын қосқан кезде
Сақтық көшірме жасау немесе қалпына келтіру кезінде
Компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаған кезде мына жағдайлар орын алады:
Батарея зарядтала бастайды.
Компьютер қосылып тұрса
, хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесінің түрі
өзгереді.
Сыртқы айнымалы ток қуатын ажыратқан кезде мына жағдайлар орын алады:
Компьютер батарея қуатына көшеді.
Батарея зарядын сақтау үшін экранның жарықтығы автоматты түрде азаяды.
30 Бап 4 Қуатты басқару