HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
Зарядталған батарея бар болғанда заряды аз батарея деңгейін реттеу
1. Компьютерді өшіріңіз немесе əрекетсіздік режимін қосыңыз.
2. Заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен ауыстырыңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
Сыртқы қуат көзі болмағанда заряды аз батарея деңгейін реттеу
Əрекетсіздік режимін қосыңыз.
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер əрекетсіздік режимінен шыға алмаған кезде заряды аз батарея деңгейін
реттеу
Əрекетсіздік режимінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жеткіліксіз болса, мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен ауыстырыңыз немесе айнымалы ток
адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
2. Қуат түймешігін басып əрекетсіздік режимінен шығыңыз.
Батареяның қуатын үнемдеу
Windows басқару тақтасындағы қуат параметрлерінің ішінен қуатты үнемдеп пайдалану
параметрін таңдаңыз.
Сымсыз жəне жергілікті желі (LAN) байланыстарын өшіріп, пайдаланбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
Сыртқы қуат көзіне қосылмаған, пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратып
тастаңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Жұмысты тастап кетпес бұрын
, компьютерді күту немесе ұйықтау режиміне қойыңыз, не
болмаса оны өшіріңіз.
Батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяның зақымдану қаупін азайту үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары
температурада сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын немесе сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əр 6 ай сайын тексеріп тұру керек. Егер заряды 50 пайыздан
төмен болса, қайтадан сақтауға қоймас бұрын оны зарядтап алыңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Пайдаланылып болған батареяны жою
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт немесе отқа күю қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, ұсақтамаңыз жəне
теспеңіз; сыртқы контактілерді тұйықтамаңыз; от немесе суға тастамаңыз.
28 Бап 4 Қуатты басқару