HP Laptop Help Guide
Table Of Contents
- Кіріспе
- Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымсыз байланыс жасау
- WLAN желісін пайдалану
- HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
- GPS навигаторын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымды желіге қосылу
- Мультимедиа
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру
- Қуат параметрлерін орнату
- Батарея қуатын пайдалану
- Windows 7 амалдық жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бөлімінен батарея туралы ақ ...
- Windows 7 амалдық жүйесінде Батареяны тексеру құралын пайдалану
- Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
- Батарея зарядының біту уақытын арттыру
- Батареяның төмен деңгейлерін басқару
- Батареяның қуатын үнемдеу
- Батареяны сақтау
- Пайдаланылып болған батареяны жою
- Батареяны ауыстыру
- Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
- Графикалық режимдерді ауыстырып қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сыртқы карталар мен құрылғылар
- Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- USB құрылғысын пайдалану
- 1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
- Дискілер
- Қауіпсіздік
- Орнату бағдарламасы (BIOS)
- Компьютерді сапарға алып шығу
- Ақаулықтарды жою жолдары
- Электростатикалық ток соғу
- Индекс

Батарея зарядының біту уақытын арттыруға арналған кеңестер:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Компьютер пайдаланылмай тұрғанда немесе зарядталмаған кезде батареяны шығарып
алыңыз.
●
Батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
●
Windows 7 амалдық жүйесінде қуат параметрлері ішінен Экономия энергии (Электр қуатын
үнемдеу) параметрін таңдаңыз.
Батареяның төмен деңгейлерін басқару
Бұл бөлімдегі ақпарат зауытта орнатылған ескертулер мен жүйенің реакциясын түсіндіреді.
Кейбір өте төмен батарея деңгейі туралы ескертулерді жəне жүйе реакцияларын Windows
басқару тақтасындағы қуат параметрлері арқылы өзгертуге болады. Қуат параметрлері арқылы
орнатылған параметрлер шамдарға əсер етпейді.
Батареяның төмен деңгейлерін анықтау
Компьютер үшін жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея төмен деңгейге жеткенде мынадай
əрекеттер орын алады:
●
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея төмен деңгейге жеткенін көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Батарея шамы туралы қосымша ақпаратты Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығынан
қараңыз.
– немесе –
●
Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесі батарея зарядының төмен деңгейде
екенін немесе мүлде таусылып жатқанын көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпаратты Қуат көрсеткішін қолдану 23-бетте
бөлімінен қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі үшін компьютерде мына əрекеттер орындалады:
●
Егер ұйықтау режимі қосылып, компьютер қосулы немесе күту режимінде болса, компьютер
ұйықтау режиміне ауысады.
●
Егер ұйықтау режимі өшіріліп, компьютер қосулы немесе күту режимінде болса, компьютер
аз уақытқа күту режимінде тұрып, жұмысын аяқтайды, ал сақталмаған ақпарат жоғалады.
Заряды аз батарея деңгейін реттеу
Сыртқы қуат бар болғанда заряды аз батарея деңгейін реттеу
▲
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР керек-жарағы ретінде сатып алынатын қуат адаптері
Батарея қуатын пайдалану 27