HP Laptop Help Guide
Table Of Contents
- Кіріспе
- Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымсыз байланыс жасау
- WLAN желісін пайдалану
- HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
- GPS навигаторын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымды желіге қосылу
- Мультимедиа
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру
- Қуат параметрлерін орнату
- Батарея қуатын пайдалану
- Windows 7 амалдық жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бөлімінен батарея туралы ақ ...
- Windows 7 амалдық жүйесінде Батареяны тексеру құралын пайдалану
- Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
- Батарея зарядының біту уақытын арттыру
- Батареяның төмен деңгейлерін басқару
- Батареяның қуатын үнемдеу
- Батареяны сақтау
- Пайдаланылып болған батареяны жою
- Батареяны ауыстыру
- Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
- Графикалық режимдерді ауыстырып қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сыртқы карталар мен құрылғылар
- Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- USB құрылғысын пайдалану
- 1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
- Дискілер
- Қауіпсіздік
- Орнату бағдарламасы (BIOS)
- Компьютерді сапарға алып шығу
- Ақаулықтарды жою жолдары
- Электростатикалық ток соғу
- Индекс

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен
бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əр түрлі болады.
Windows 7 амалдық жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама жəне
қолдау) бөлімінен батарея туралы ақпарат табу
Анықтама жəне қолдау бөлімінен батареяға қатысты мына құралдар мен ақпаратты табуға
болады:
●
Батареяның өнімділігін тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
●
Тексеру, қуатты басқару жəне батареяның қызмет ету мерзімін неғұрлым арттыру үшін
жасалатын күтім жəне сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, қызмет ету мерзімдері жəне сыйымдылығы туралы
ақпарат
Батарея туралы ақпаратты ашу үшін:
▲
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Обучение (Үйрену) >
Планы электропитания: часто задаваемые вопросы (Қуат жоспарлары: Жиі қойылатын
сұрақтар) дегенді таңдаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінде Батареяны тексеру құралын пайдалану
Батареяны тексеру құралы анықтама жəне қолдау бөлімінде компьютерге орнатылған
батареяның күйі туралы мəліметті алуға мүмкіндік береді.
Батареяны тексеру құралын қосу үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді сыртқы қуат көзіне жалғаңыз, сонда батареяны тексеру құралы
дұрыс жұмыс істейді.
2. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Устранение неполадок
(Ақаулықтарды жою) > Мощность, тепловая и механическая (Электр қуаты, жылылық
жəне механикалық) параметрін таңдаңыз.
3. Питание (Қуат) жиекбелгісін басып, Battery Check (Батареяны тексеру) параметрін
таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның элементтерінің қалай жұмыс атқарып
тұрғанын тексеріп, тексеру нəтижелерін береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
▲
Меңзерді хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
қуат көрсеткіші белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батарея зарядының біту уақытын арттыру
Батарея зарядының біту уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қолданылатын функциялардың
түріне тəуелді өзгереді. Батареяның сыйымдылығы азайған уақытта батарея зарядының
максималды біту уақыты біртіндеп қысқарады.
26 Бап 4 Қуатты басқару