HP Laptop Help Guide
Table Of Contents
- Кіріспе
- Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымсыз байланыс жасау
- WLAN желісін пайдалану
- HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
- GPS навигаторын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымды желіге қосылу
- Мультимедиа
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру
- Қуат параметрлерін орнату
- Батарея қуатын пайдалану
- Windows 7 амалдық жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бөлімінен батарея туралы ақ ...
- Windows 7 амалдық жүйесінде Батареяны тексеру құралын пайдалану
- Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
- Батарея зарядының біту уақытын арттыру
- Батареяның төмен деңгейлерін басқару
- Батареяның қуатын үнемдеу
- Батареяны сақтау
- Пайдаланылып болған батареяны жою
- Батареяны ауыстыру
- Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
- Графикалық режимдерді ауыстырып қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сыртқы карталар мен құрылғылар
- Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- USB құрылғысын пайдалану
- 1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
- Дискілер
- Қауіпсіздік
- Орнату бағдарламасы (BIOS)
- Компьютерді сапарға алып шығу
- Ақаулықтарды жою жолдары
- Электростатикалық ток соғу
- Индекс

Əрекетсіздік режимін қосу жəне одан шығу
Жүйе батарея қуатымен немесе сырттан келетін қуатпен жұмыс жасап тұрып біраз уақыт
əрекетсіз қалған кезде, заряд өте төмен батарея деңгейіне жеткенде əрекетсіздік режиміне
өтетіндей етіп зауытта орнатылған.
Қуат параметрлері мен күту уақыттарын Windows басқару тақтасы арқылы өзгертуге болады.
Əрекетсіздік режимін қосу үшін:
▲
Windows 7 амалдық жүйесінде — Бастау мəзірін ашып, «Жұмысты аяқтау» түймешігінің
қасындағы көрсеткіні басып, Спящий режим (Ұйқылық күйге өту) тармақтарын таңдаңыз.
Windows XP амалдық жүйесінде — Пуск (Бастау) > Выключить компьютер (Компьютерді
сөндіру) тармақтарын таңдап, содан соң shift пернесін басып тұрып Спящий режим
(Ұйқылық күйге өту) тармағын таңдаңыз.
Əрекетсіздік режимінен шығу үшін:
▲
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатын етіп
орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін қолдану
Қуат көрсеткіші хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам өтуге жəне батареяның қалған зарядын
көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын (немесе Windows XP
жүйесінде қуат схемасы) экранда көру үшін меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен
апарыңыз.
●
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту
үшін қуат көрсеткіші белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Əр түрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс атқарып тұрғанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл белгіше батарея заряды өте темен деңгейге
жеткен кезде хабарлама көрсетеді.
Қуат жоспарларын пайдалану
Қуат жоспары (немесе Windows XP жүйесінде қуат схемасы) — компьютердің қуатты
пайдалануын қадағалайтын жүйе параметрлерінің жинағы. Қуат жоспарлары қуатты үнемдеуге
немесе өнімділікті арттыруға көмектеседі.
Ағымдағы қуат жоспарын қарау
Келесі əдістердің кез келгенін таңдаңыз:
●
Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат
көрсеткішінің белгішесін басыңыз.
●
Windows 7 амалдық жүйесінде — Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы)
> System and Security (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері)
тармақтарын таңдаңыз.
Қуат параметрлерін орнату 23