HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Керек-
жарақтар) > Развлечения (Ойын-сауықтар) > Звукозапись (Дыбыс жазу құрылғысы)
тармақтарын таңдаңыз.
2. «Начать запись» (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонға сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиялық бағдарламаны ашып, дыбысты ойнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің дыбыстық параметрлерін растау немесе ауыстыру үшін, тапсырмалар
тақтасындағы Звук (Дыбыс деңгейі) белгішесін тінтуірдің оң жағымен басыңыз немесе Пуск
(Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Звук, речь и аудиоустройства (Дыбыс, сөз
жəне аудио құрылғылар) > Звук и аудиуостройства (Дыбыс жəне аудио құрылғылар)
тармақтарын таңдаңыз.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерде кірістірілген веб-камера бар, ол дисплейдің жоғарғы жағында орналасқан.
Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-
камера пайдалануға болады. Түсірілген суретті немесе бейне деректі алдын ала қарап, сақтауға
болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
Жылдам хабар
алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
Дыбыссыз суретке түсіру
Веб-камераны қайлай пайдалану керектігі жөнінде ақпаратты көру үшін Жұмысқа кіріскенде
нұсқаулығын қараңыз. Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін, Пуск (Бастау) >
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
SkyRoom бағдарламалық құралын орнату (тек таңдаулы үлгілерде)
HP SkyRoom бүкіл əлемдегі қатысушылар нақты уақытта өзара əрекет ету үшін видео
конференция ұйымдастыруға жəне жұмыс үстелін ортақ пайдалануға мүмкіндік беретін бейне
құрал.
Microsoft Office Communicator немесе Jabber контактілер тізімін пайдалануға немесе жаңа тізім
жасап контактілерді қолмен енгізуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін, SkyRoom
бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Бейне
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
VGA
DisplayPort
HDMI
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)17