HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
SIM картасын шығарып алу
ЕСКЕРІМ: SIM карта ұясының орналасқан жерін табу үшін, Жұмысқа кріскенде нұсқаулығын
қараңыз.
1. Компьютерді сөндіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйықтау режимінде екендігіне
сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе
арқылы компьютерді өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Батареяны алыңыз.
6. SIM картасын ішке қарай басып, ұясынан шығарып алыңыз.
7. Батареяны орнына
салыңыз.
8. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
9. Компьютерді қосыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
Bluetooth құрылғысы дəстүрлі түрде электрондық құрылғыларды жалғауға арналған физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын жақын сымсыз байланыстарды береді:
Компьютерлер
Телефондар
Суретті айқындағыш құралдар (фотоаппараттар жəне принтерлер)
Аудио құрылғылары
Bluetooth құрылғылары Bluetooth құрылғыларының жеке аймақ желісін (PAN) орнатуға рұқсат
ететін P2P мүмкіндігін береді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне пайдалану
туралы ақпарат алу үшін, Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Bluetooth жəне Интернет қосылымын ортақ пайдалану (ICS)
HP Bluetooth құралы бар компьютерді орталық ақпараттық машина ретінде орнатып, оны басқа
компьютерлер Интернетке қосыла алатын шлюз ретінде пайдалануға кеңес бермейді. Екі немесе
одан көп компьютер Bluetooth арқылы қосылып, компьютердің біреуінде Интернет қосылымын
ортақ пайдалану (ICS) мүмкіндігі қосулы болған кезде басқа компьютерлер Bluetooth желісі
арқылы Интернетке қосыла алмауы мүмкін.
Bluetooth құралының күші компьютер жəне ұялы телефондар, басып шығарғыштар
, камералар
жəне PDA құрылғыларын қамтитын сымсыз құрылғылар арасындағы ақпарат көшірілуін
үндестіруде болып табылады. Bluetooth арқылы Интернетті ортақ пайдалану үшін, екі немесе
одан көп компьютерді үйлесімді түрде қосу қабілетсіздігі Bluetooth жəне Windows амалдық
жүйесінің шектелуі болып табылады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану 9