HP Laptop Help Guide
Table Of Contents
- Кіріспе
- Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымсыз байланыс жасау
- WLAN желісін пайдалану
- HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
- GPS навигаторын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымды желіге қосылу
- Мультимедиа
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру
- Қуат параметрлерін орнату
- Батарея қуатын пайдалану
- Windows 7 амалдық жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бөлімінен батарея туралы ақ ...
- Windows 7 амалдық жүйесінде Батареяны тексеру құралын пайдалану
- Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
- Батарея зарядының біту уақытын арттыру
- Батареяның төмен деңгейлерін басқару
- Батареяның қуатын үнемдеу
- Батареяны сақтау
- Пайдаланылып болған батареяны жою
- Батареяны ауыстыру
- Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
- Графикалық режимдерді ауыстырып қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сыртқы карталар мен құрылғылар
- Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- USB құрылғысын пайдалану
- 1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
- Дискілер
- Қауіпсіздік
- Орнату бағдарламасы (BIOS)
- Компьютерді сапарға алып шығу
- Ақаулықтарды жою жолдары
- Электростатикалық ток соғу
- Индекс

Мобильді желі провайдері қызметін пайдаланған кезде, HP ұялы кең жолақты құралы жолда
немесе Wi-Fi байланыс орындары аясынан тыс жерде болғанда Интернетке қосулы қала беруге,
электрондық пошта жіберуге немесе корпоративтік желіге қосылуға еркіндік береді.
ЕСКЕРІМ: ұялы кең жолақты қызметті іске қосу үшін, HP ұялы кең жолақты модулінің сериялық
нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірдің қайда орналасу орнын Жұмысқа кіріскенде
нұсқаулығынан қараңыз.
Кейбір мобильді желі провайдерлері SIM картасын (Абонентті анықтау модулі) пайдалануды
талап етеді. SIM картасында PIN коды сияқты өзіңіз туралы негізгі ақпарат жəне желі ақпараты
болады. Кейбір компьютерлерде алдын ала орнатылған SIM картасы болады. Егер SIM картасы
алдын ала орнатылған болмаса, ол компьютермен бірге берілетін HP ұялы кең жолақты модулі
ақпаратының ішінде берілуі немесе оны компьютерден бөлек мобильді желі провайдері
беруі
мүмкін.
SIM картасын салу жəне алып тастау туралы ақпарат алу үшін,
SIM картасын салу 8-бетте
жəне
SIM картасын шығарып алу 9-бетте бөлімдерін қараңыз.
HP ұялы кең жолақты модулі жəне таңдалған мобильді желілік қызмет көрсету провайдерімен
қызметті іске қосу тəсілі туралы ақпарат алу үшін, компьютермен бірге берілетін HP ұялы кең
жолақты модулі ақпаратын қараңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, HP веб торабын қараңыз:
http://www.hp.com/go/mobilebroadband (тек АҚШ үшін).
SIM картасын салу
ЕСКЕРІМ: SIM карта ұясының орналасқан жерін табу үшін, Жұмысқа кріскенде нұсқаулығын
қараңыз.
1. Компьютерді сөндіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйықтау режимінде екендігіне
сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе
арқылы компьютерді өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Батареяны алыңыз.
6. SIM картасын SIM карта ұясына салып, SIM картасы орнына қойылғанша оны жайлап
басыңыз
.
ЕСКЕРТУ: SIM картасын салу кезінде картаны компьютердегі SIM карты ұясының
жанындағы белгішеге келтіріп салыңыз. Егер SIM карта дұрыс салынбаса, ол SIM картасын
немесе SIM карта қосқышты зақымдауы мүмкін.
Қосқыштың зақымдану қаупін азайту үшін, SIM картасын күштеп салмаңыз.
7. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРІМ: егер батарея орнына қойылмаса, HP ұялы кең жолақты модулі өшіріледі.
8. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
9. Компьютерді қосыңыз.
8 Бап 2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)